«Бір көзі соқыр болса да, ұл берші!»: Әнші Серікбол Сайлаубек әкесінің дұғасынан көзі көрмей туғанын айтты

0
16 168

«Жақсы сөз айтайық!»


«Бір көзі соқыр болса да, ұл берші!»: Әнші Серікбол Сайлаубек әкесінің дұғасынан көзі көрмей туғанын айтты

Белгілі эстрада әншісі Серікбол Сайлаубектің көзінен көзілдірік тастамайтын себебі белгілі болды. Өнер иесі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында туғаннан бір көзі көрмей туғанын айтты.


– Шешем 4 қыз дүниеге әкелген. Ер адамға ұл керек қой. Сонда әкем дастархан басында отырып «Бір көзі соқыр болса да, бір ұл берші» деп Құдайға жалбарынған екен. Сондықтан да мен ұдайы «Дұрыс сөйлеу керек!» деп айтудан жалыққан емеспін. Әр сөзің қабыл болып қалады. Сол үшін қолдан келгенше бір-бірімізді көтерейік, жақсы сөздер көп айтайық! Бұл – жалған өмір, бұл жерде фитна, өсек, арамдық көп. Бұл қысқа жалғанда қатты әбігерге түсудің қажеті жоқ. Әр нәрсені уақыты келгенде көре жатармыз. Сондықтан көбірек жақсы сөз айтайық.

Сонымен дүниеге бір көзбен келдік, - деді әнші.


Сонымен қатар Серікбол Сайлаубек өміріндегі ең үлкен сынағы да осы көзі екенін жасырмады.


«Мен әлеуметтік желіні қолданбаймын. Інілерімнің қолында. Өздері салатынын салады, алатынын алады. Маған жазбайсыз деп айтып жатады, көз дұрыс көрмеген соң не жазамын?!» деді өнер иесі.