«Біз байғұс бір байға жарымай жүрміз»: Мақпал Жүнісова уақытының өтіп кеткеніне өкінді

0
1 707

«Зәкеңнің жүгі ауыр ғой»


«Біз байғұс бір байға жарымай жүрміз»: Мақпал Жүнісова уақытының өтіп кеткеніне өкінді

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өнердегі сіңлісі ақын Құрманай Бақтиярқызының Шымкентте өткен шығармашылық концертіне қатысып, автордың бірнеше туындысын орындады. Ән арасында Халық әртісі көрермендеріне әзілін айтып, еркін ақтарылды. Халықтың ерке қызы концерттен түскен гүлдерін шопырлары мен күзетшілеріне «Әйелдеріңе апарып беріңдер!» деп таратынын, ал өзінің әлі бір байға жарымай жүргенін айтып күлдірді. «Біреуге қарайын десең, Зәкең ар жақтан «Әй, қайда бара жатырсың?!» деп айтатындай көрінеді. Сосын ешкімге жақындай алмай жүресің» деді ағынан жарылған әнші.


Мына гүлдерді мен сияқты шелектерге салып қоясың ғой. Мен шопырларым мен күзетшілеріме «Әй, апарып беріңдер, қанша қатындарың бар еді?» деп таратып беремін. Қазір еркектерге жақсы болды ғой. 4-5 әйел ала береді. Біз байғұс әлі бір байға жарымай жүрміз. Шын ғой енді. Зәкеңнің жүгі ауыр ғой. Біреуге қарайын десең, ар жақтан келіп «Әй, қайда бара жатырсың?!» айтады екен деп. Бісміллә, бісміллә деп. Біреу жақындай бастаса болды, «Жақсы, сау болыңыздар!» деп. Шынымен де уақыт өтіп кетті ғой. Бәрі өз уақытымен болса жақсы. Жүрекке әмір жүрмейді. 60-тан асқанда сондай махаббат болады деп ойламаймын. Менің махаббатым сіздерге, халыққа деген махаббатым зор. Көбінесе қыздардың, сосын Ғазизхан Шекербеков, Сейфуллин Жолбарыс, Ержан Белғозиев сияқты қатыны бар еркектердің әнін айтамын. Тиіспейді ғой деп қауіпсіз адамдардың әндерін айтамын. Басы бос болса ертең үйіме кіріп ала ма деп қорқамын. Ғашық болдық деп өле қосылып, ертесіне тастап кеткен қанша еркектер бар. Сондай нәрсені Құдай маған жолатпасын, ешкім маған ғашық болмасын деп сұраймын. Мәңгілік ғашық болған Зәкең ғана шығар, - деді Мақпал Жүнісова.



Желідегілер әншінің бұл сөздерін қолдап, қуаттап жатыр.


«Мақпалжан, көңіл-күйімізді көтердің. Бәрі шындық, 60-қа кеп біреудің сасық нәскиін жуғанша, өстіп гүл-гүл жайнап жүре бер. Неғыласың, ешкім қажет емес. Мерейің аман болсын!», «Сізді көрсем, тыңдасам, бір күліп аламын. Көңілімізге әрқашан қуаныш сыйлайсыз. Ризамын сізге», «Айтқан әні де, сөздері де шынайы, еш жасандылық жоқ» деп жазды.