«Бұрынғы күйеуім болмағанда...»: Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің қамқорлығына ризашылығын білдірді

0
6 072

«Бәріне таңғалып отырамын»


«Бұрынғы күйеуім болмағанда...»: Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің қамқорлығына ризашылығын білдірді

Әнші Алтынай Жорабаева «Инстаграм» парақшасында күйеуінің 8-наурызға қандай сыйлық тарту еткенін көрсетті.


«Менің әндерім жазылып тұратын, концерт пен тойға алып жүретін планшетімді Әлішер ауыстырып жатыр. Рахмет! 8-наурызға тарту еткен сыйлығы. Енді ескісімен қоштасамын. Жыл сайын жаңасын алу дәстүрге айналған. Сөкпеңіздерші, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Аллаға шүкір! Құлаққаппен ән тыңдамаушы едім, бірақ мұны да алдым» деді ол.


Күйеуі сондай-ақ Алтынайдың төрт қызына да ақшалай сыйлық берген. Ол үлкен қызы Аяулымға 50 мың, екінші қызы Айнараға 50 мың, ал кіші екі қызға 25 мың теңгеден үлестіріп берген. Сондай-ақ бәріне гүл тарту еткен.


«Бұрынғы күйеуім болмағанда, бұның бәрі қалыпты жағдай деп түсінуші едім. Қазір осының бәріне таңғалып, шүкірімді айтып отырамын ғой» деді Алтынай күйеуінің жомарттығына риза болып.


Айта кетейік, Алтынай Жорабаева актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шығып, одан төрт қыз тапқан. Бірақ кейін дәм-тұзы жараспай ажырасып, Астанаға қоныс аударды. Арада біраз жыл өткен соң Әлішер есімді үйленбеген жігітке тұрмысқа шығып, бір қыз босанды. Екеуі қазір бес қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр.