"Дайын болу керек" - Қайрат Нұртас карантин болатынын өткен жылы айтқаны рас па

0
4 790

Ләйлә Сұлтанқызы өнер иесінің бір жыл бұрын берген сұхбатының видеосын жариялап, қалың жұртты таңғалдырды.


ERNUR.KZ. Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас коронавирус болатынын 2019 жылы болжаған болып шықты. Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өнер иесінің бір жыл бұрын берген сұхбатының видеосын жариялап, қалың жұртты таңғалдырды. Онда әнші алдағы уақытта концерттер болмайтынын, адамдар бір-бірімен аз көрісетінін айтқан деп жазады kaz.nur.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы эстрада жұлдызының 2019 жылғы сұхбатымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Видеода Қайрат Нұртас бір жылдан кейін көптеген іс-шара өтпейтіні мен адамдардың арақашықтық сақтайтынын айтқан.

Оған қоса, әнші бұл сұхбатында тазалық тақырыбын сан мәрте көтеріп, сауда үйлері мен сұлулық салондарына қатысты пікір білдірген. Желідегілер тележүргізуші жариялаған бейнежазбадан кейін өнер иесі расымен көріпкелдік қасиетке ие деп ойлап қалды.

"Қатты жақындасу деген болмау керек. Әрқашанда тазалық, сақтанып жүру керек. Дайын болу керек" , - деген әнші.


Алайда, аталмыш видео бір жыл бұрынғы сұхбаттың үзінділері болып шықты. Қайрат Нұртастың жанкүйерлері оның бейнежазбасын қиып, оны коронавирус мәселесіне қатысты сияқты өңдеп тастаған. Оны Ләйлә Сұлтанқызы да растады. БАҚ өкілі видеоны креативті жастар жасағанын жазды.