«Әже көрсем еркелеп, құшақтағым кеп тұрады»
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин көшедегі танымайтын қарияға тосынсый жасап, қуантты.
«Қайырлы күн, қалайсыздар? Көшеден өтіп бара жатсам, мына әжем күшті боп шай ішіп отыр екен. Мен әжелерді өте қатты жақсы көрем. Қазір сол әжені қуантайын дедім», - деді Нұрболат Абдуллин.
Ол қораптағы бір тілім тортты көшедегі кеуйанаға апарып беріп, «Сәлеметсіз бе, әже. Мына шайды тортпен ішіңіз. Аман болыңыз, ауырмаңыз, ей, жаным сол. Шайыңыз тәтті болсын!» деп еркелетіп алды. Қарт кісі әншінің атын сұрап, ақ тілегін жаудырды. Ал әнші «Инстаграмда» өз әжесін еске алып, көпшілікті мейірімді болуға шақырды.
«Менің әжемнің бейнесі бала күнімдегі естеліктерде қалды. Балдаққа сүйеніп жүретін. Аяғын уқалап, тамағын апарып беріп тұратынмын. 9 жасқа толғанда Әжем дүниеден озды. Бала болсам да қатты жылағаным есімде. Мынау бүгінгі видео. Маған әжелердің бәрі бірдей секілді көрінеді. Әже көрсем еркелеп, құшақтағым кеп тұрады. Мейірімді болайық», - деп жазба қалдырды әнші.