Танымал тележүргізуші, продюсер Мұхит Сапарбаевтың инстаграмда жариялаған жалаңаштанған суретінен оқырмандар жиіркенуде.
- ByМұхит өзінің парақшасында әлемдік бренд «Play boy» @playboy_kazakhstan журналы Қазақстанға келгені туралы жазды.
«Play boy Kazakhstan» журналының алғашқы санына интервью беріп, фотосессияға шақырту алдым. Қазақстандық адамдардың арасында маған ұсыныс білдіргені үшін әлемдік брендке мың алғыс. Журналды көріп қалсаңыздар, қатты шошымаңыздар. Суретке емес, интервьюде берген жауаптарға мән берсеңіздер деймін. Бұл фотосессияны ұят деп санайсыздар ма, әлде ұят емес пе?», - дейді ол.
https://www.instagram.com/p/CTl4GqTMKjh/?utm_medium=copy_link
Ал тележүргізушінің оқырмандары тек жиіркеніш туғызған, күйінген комментарийлерін жазуда.
«Не деген сұмдық мынау?! Ел алдында жүрген жігіттердің осылай төмендегін көріп, жылағым келеді», «Ұят емес, масқара!», «Жетпегені осы еді»», «Еркектік намыс жоқ екенінің белгісі», «Алладан қорықсаңыздаршы. Халықтан сірә, ұялмайсыздар» деген пікірлерін қарша боратуда.