Белгілі блогер Эльвира Ерғалина өзінің тың тақырыптар қозғайтынымен, салмақты ойларымен қашанда ерекшеленіп жүреді. Осы жолы да ол көпшіліктің күресіп жүрген "теріс" қасиеттеріне байланысты өз ойын инстаграм парақшасына жариялады.
Белгілі блогер Ельвира Ерғалина өзінің тың тақырыптар қозғайтынымен, салмақты ойларымен қашанда ерекшеленіп жүреді. Осы жолы да ол көпшіліктің күресіп жүрген "теріс" қасиеттеріне байланысты өз ойын инстаграм парақшасына жариялады.
"Аяқ-қолды жіпсіз байлап, адамды қимылдатпай қоятын қорқыныш деген нəрсе бар ғой. Біреуге ойыңды ашып айтқызбайды, идеяңды жүзеге асыртқызбайды, өзгерістерді енгізбейді, қадамдарды жасатқызбайды. Көзге көрінбесе де, бəрін басқарып отырған бір дөкей сияқты. Бұл, əсіресе, қазақ ұлтында кең тараған-ау. Ұятқа қалудан, мойындалмаудан, қателесуден, жұрттың талқысына түсуден өлердей қорқатын басқа ұлт жоқтай көрінеді)) Зейініне қарамастан баласын үздік, озат оқушы қылғысы келетін ата-ана тұла бойын қорқыныш қаптаған адамды өсіреді. Ол бала ертең өскенде мақталмай қалудан, жеңілуден, назарсыз қалудан қорқып, өзі үшін емес, өзгеден алатын баға үшін өмір сүреді. Егер жаңа іс бастауға, жұмыс ауыстыруға, тағы басқа да əрекеттерге кедергі келтіретін үрей көп болса, мына бір кішігірім инструкциямды ұсынғым келеді. Неден қорқасыз, тізіп жазып алыңыз. Ең оңайынан бастап əрқайсысымен жұмыс істеңіз. Көпшіліктің алдында сөйлеуден қорықсаңыз, той-жиында тост айтуды əдетке айналдырыңыз. Бөтен адаммен сөйлесуден қашатын тұйық болсаңыз, күніне 2-3 бейтаныс адаммен танысуды жоспарлаңыз. Қорқатын дүниенің бəрінен қашпай, қарсы жүріңізші. Көресіз, оп-оңай болады. Өзіңізге деген сенім артып, болмысыңызды бағалай бастайсыз. Тексерілген!".
Фото: elvira_ergalina
Автор: karashash_esenbay
ERNUR.KZ