Желіні шулатқан Ерке Есмахан мен Райм некесін қидырды.
Жұлдызды жұптың қуанышын алғашқылардың бірі болып айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жариялады. Эксклюзивті жаңалықты жазған ол екі жасқа бақыт тіледі. Ерке Есмаханның анасы барлық пікірді оқып отыратынын айтып, оқырмандардан жақсы тілек жазуын өтінді.
"Қасиетті жұма күні ақ некесі қиылған екі жасқа екі дүниенің бақытын тілейміз!" деп жазды ол.
Қуанышты жаңалықтарымен жұлдызды жұп та өз парақшаларында бөлісті. Райымбек Бақтыгереев әлеуметтік парақшасына мұсылман куәлігін салды.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ізгі ниеттерін жарыса жазуда.