«Көзімді жұмып қанша рет дария кештім...»
Отандық танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың әкесі Адайбек туралы әсерлі жазбасымен бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, бұрынғы жолдасы 27 жасында өмірден өткен.
«Жігіттің сұлтаны, бір сөзді, мысы басым, қолы ашық, сымбатты, нағыз ер жүрек батыр дер едім. Алланың жазғаны сол болды, ерте кетті», - дейді әнші.
Желі қолданушылары «Жакемау карап отырып мен толқыдым. Енді тек қуаныш болсыншы шаңырағыңызда», «Енді ұрпақтарыңызбен тек жақсылық көріңіз», «Керемет естелік, жатқан жері жайлы болсын. Тек жақсылықта қауыштырсын», «Жанар, енді сылдырмағыңның қызығын көр, келін түсір. шөбере көр. Айжұлдыздың бағы жансын!» деген сияқты пікірлерін жазды.