"Ерте күйеуге шықтым": Қыран Талапбектің әйелі бұрын тұрмыста болғанын айтты

0
10 255

"Ата-анам алғаш білегіңнен ұстаған жігітпен отбасын құруға тәрбиелеген" - дейді актриса.


Еліміздегі танымал мобилограф Қыран Талапбек жақында екінші рет отбасын құрған еді. Оның таңдауы - жас актриса, блогер Гүлзада Тұрлаш. Бұл жаңалықты естіген желі оқырмандары оларға қатысты түрлі пікір жазып, жас қыздың бұрын үйленген азаматпен отбасы болуын көп сынға алған болатын. Бірақ актриса да бұған дейін некеде болғанын жасырмады.

Ол бұл туралы сұқбат беріп, сол кезеңдер оның психология әлемімен танысуына әсер еткенін ашып айтты.

Актрисаның айтуынша, ол ерте 18 жасында тұрмысқа шыққан.

"2018 жылдан бастап жоқ болып кеттім. 2016-2017 жылдары фильмдерге түсіп, қатты танымалдылықты сезе бастадым. Бірақ өмірде түрлі кезеңдер болады екен, сол кезеңнен аман өтіп, қазіргі деңгейіме келдім. Мен үнсіздікті қаламадым, жоқ болып кеткен кездері сахнаны аңсадым, бірақ менің қолымда болмады.

17 жасымда ол азаматпен таныстым. Сол жігіттен ұсыныс болды. Ал ата-анам мені қатты қаталдықта тәрбиелеген, "Алғаш білегіңнен ұстаған жігітке тұрмысқа шық" деген еді. Сол себеп болды ма, білмеймін солай ерте тұрмыс құрдым. Бірақ ол адам туралы жаман сөз айтқым келмейді. Бақыт тілеймін. Солай болуы керек болған шығар?!" - дейді жас актриса.

Сол оқиғадан кейін адам тануды үйренгенін және сабырлыққа келгенін айтқан. Десе де ол адам туралы ақпарат бермеген.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлзада Тұрлаштың қазіргі күйеуі Қыран Талапбек осыған дейін Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызбен некеде болған. Олардың арасында бір бала бар.