"Ет пен нан": Қайрат Нұртас қазақша фастфуд бизнесін ашты

0
2 251

Қайрат Нұртас бұдан былай халыққа тек ән ғана емес тағамды да қоса ұсынбақ.


Жақында Қайрат Нұртас пен анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова кезекті отбасылық бизнестерін қолға алып, тағы бір брендтің тұсауын кесті. Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.

Осыған дейін бір емес бірнеше кәсіпті ашып қосымша табысқа ие болған хитмэннің отбасы, карантин уақытында бос отырмай тағы бір бизнесті қолға алып, бұдан былай халыққа тек әнді емес тағамды да қоса ұсынбақ.

"Жақында "Аузти" деген бургер аштық. Таза қазақстан бургері. Іші батон мен ет. Мұны қуырмайды. Дәмі керемет. Қайдағы жоқ химияны жемей, қазақтың батырлары жеп жүрген ет пен нан жеңіздер!" - дейді Қайрат Нұртас.

Әншінің анасы өздерінің ашып отырған қазақша халал фастфуд өнімінің ағзаға ешқандай зияны жоқ екені туралы айтады.

"Бұрынғы кездері ата-бабамыз етті жер астына таппен пісірген. Біздің өнім сондай техникамен жасалған. Іші ет пен нан. ешқандай зияны жоқ. Өз сөлі өзінде, дәрумендері өзінде, адамға күш-қуат беретін продукция" - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Сондай ақ продюсер ханым келешекте бұл бизнесті шетелде де жалғастырмақ ниеті бар екенін айтты.