Дастархан басында іш киіммен билеген қазақ әйелдері көпшіліктің сынына ілікті.
Фото: otvet.mail.ru
«Қазақпыз ғой» (qazaqpiz__goi) деп аталатын инстапарақшада егде жастағы қазақ әйелдерінің бір-біріне іш киім таратып, дастархан басында оны киген және іш киіммен билеген видеосы жарияланды.
Оқырманның басым бөлігі бұл видеоны масқаралыққа балады:
«Масқара ғой мынау, ұят қайда ардақты аналар?», «Азғындық», «Бұрын бұндай басқа ұлттан шығатын еді, қазір бүкіл жамандық өзімізден шығып жатыр», «Не боп барады адамдар өзі?!», «Басына киіп алу керек еді, не деген топастар», «Ұятсыздар, балдарыңа не тәрбие беріп жатырсыңдар?», «Қазақтың қатындары не болып бара жатыр?», «Алла сақтасын!»...
Пікір білдіргендер арасында қазақта осындай ырымның бар екенін айтқандар да бар:
«Мұндай ырым бар, шілдеханада жасалады, немерелі болған әжесінің құрдастары, дамбал жыртады. Мынау сол ырымның жаңарған түрі болар?!», «Ақ дастархан басында бұндай ырымы құрсын», «Ондай ырым бар, сәби көтере алмай жүргендер жасайды», «Ол ырымды білдірмей жасайды, бала көтермей жүрген келінге көп балалы әиелдің іш киімін береді»...
Ал, сіз не дейсіз, оқырман? Расында да осындай қазақ ырымы бар ма? Бар болса ол қалай орындалады? Білетініңізбен бөлісіңіз!
Видео: @qazaqpiz__goi
Тағы да оқыңыз:
Әнші Мадина кіммен кездескісі келеді? (видео)
Нумеролог ақшалы өмірге бастайтын ҮШ ЖОЛДЫ «көрсетті»»
ҚҰРАЛАЙ ханым: «Алты бала тауып... осы уақытқа дейін "төсекті" алдыңғы орынға қоймаппын»