"Қайғыға тізе бүкпеуім үшін өзіңнен алыстауым керек еді": Елге оралған Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды

0
14 972

Әнші 8 ай басқа елде жүруінің себебін түсіндірді.


8 ай бұрын көпшілікті алаңдатып, Түркияға кеткен әнші туған елге қайта оралды. Елге келіп, сүйікті Астанасындағы суретін жариялаған әнші әлеуметтік желідегі парақшасына төмендегідей жазба қалдырды.

Қарақат Әбілдина: "8 ай туған жерде болған жоқпын. Ал бүгін Астанадамыз!
[ басқа атауға әлі үйрене алмадым] Астана! Осы жер - менің Отаным. Отбасым. Ошағым.
Мен мұны жаныммен, жүрегіммен, тәнімнің әр клеткасымен сезінемін.
Құлағыма әдемі әуендер келе бастады. Көңілімде бір шабыт желі еседі. Бұл - жақсылықтың белгісі.
Топырағыңнан айналайын, Туған жер!
Ес жиып еңсемді тіктеуім үшін, қайғыға тізе бүкпеуім үшін, кішкентайымды ептеуім үшін өзіңнен алыстауым керек еді. Қайта айналып келер тұрағым - Өзіңсің!"


Сонымен қатар әнші алдағы күндері еліміздің батыс және орталық аймақтарына баратынын айтқан. Мұны оқыған тыңдармандары әнші үшін қуанышты. Олар "Сізді өзіміздің қаламызда күтеміз", "Қош келдіңіз Туған жерге! Қарлығаштай Қарақат ханым!" деген сияқты пікірлерін жазуда.