Бұл туралы оның жары Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желі де жариялады.
Инстаграм парақшасында төрт баласының суретін жариялап, «Біз енді көзілдірік киеміз. Балалардың көзін жылына бір рет тексертіп тұрамын. 100% көретін көздері биыл нашарлапты. Ханнан басқалары оқу кезінде ғана киеді. Ал Ханға үнемі киіп жүру керек» - , деген Жұлдыз ханым оқырмандарына «Бала атаулы түрлі гаджеттерге құмар ғой. Күніне уақыт жағынан шектеу қоятынбыз. Енді оқуды да компьютер мен телефон арқылы оқып жүргендіктен, көздеріне абай болыңыздар. Тіпті бір тексерістен өткізіп алғандарыңыз артық болмас» деп кеңес берген.
Ал желі оқырмандары сүйікті әншілерінің балаларын да жақсы көретіндерін айтып, алаңдап қалған. Сонымен қатар, қазіргі балаларда көз жанараның нашарлауы жиі кездесетінін айтқан. «Сұмдық қазір 10баланың 9ы очки тағады. Болашақтары не болмақ екен. Туыстарымыздың балаларының барлығы көзден өтпей калды военный окуға түсу үшін...» десе, енді бірі ұлдарының бәрінің көзі нашарлағанын, «онлайн оқу жалғаса берсе, біз де көзілдірік тағармыз»- , дейді.