"Қалаулымның" қызы Алматыдан дүкен ашты

0
7 453

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қалаулысы Жанерке Елшін өз дүкенін ашты. ​Бұл туралы Жанерке өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Алматы қаласында ашылған дүкеннің тұсауын Жанерке сүйіктісі Еркебұланмен бірге кескен.


Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қалаулысы Жанерке Елшін өз дүкенін ашты. Бұл туралы Жанерке өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Алматы қаласында ашылған дүкеннің тұсауын Жанерке сүйіктісі Еркебұланмен бірге кескен.

Қыздарға арналған киім сататын дүкеннің ашылу салтанатына "Қалаулым" бағдарламасының қатысушылары келіп, құрбыларының жаңа кәсібіне құтты болсын айтып, тілеулестіктерін білдірді.

Elshinjanerke_shop деп аталатын дүкеннің киімдерін қазіргі уақытта Жанерке өзі жарнамалап, алда түрлі конкурстар өткізуге ниетті.

Сондай-ақ, өздеріңіз білетіндей Жанерке Еркебұланмен осы бағдарлама аясында танысып, табысқан болатын. Қазіргі таңда екеуі өмірде ғана емес, өнерде де бірге. Екі жұптың тойларда өнер көрсетіп жүргенін әлеуметтік желілерде қаптаған ақпараттардан байқау қиын емес.