Кітап 2017 жылдың 3 шілдесінде "Баян. Обо мне и не только" және "Өзім жайлы ғана емес" деген атпен екі тілде шыққан болатын.
фото ғаламтордан алынды
Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызының өзі туралы жазған кітабы "Қазақ классиктері" кітаптары сөресінен орын алған. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы парақшасына "Қазақ классиктерінің соңғы тұяғы" деп жазба қалдырып, фото жүктеген.
Баянның кітабын Қазақ классиктерінің арасынан орын алғанын көрген желі қолданушылары бірден наразылықтарын білдірген.
"Инстаграм классикасы деп жазу керек еді", " Енді көрмегеніміз осындай классиктер еді", "Мынаны Мухтар Ауезовтер көргенде жылайтын шығар", "Классика дегенді біле ме осылар?", "Мынау ма классика?" деп жазады желі қолданушылары.
Алайда фотоның нақты қай кітапханадан түсірілгені және ғаламторға кім жүктегені белгісіз.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы 2016 жылы күйеуімен арада болған отбасылық үлкен жанжалдан кейін өзі және өз өмірі туралы кітап жазып шыққан болатын.
Кітап 2017 жылдың 3 шілдесінде "Баян. Обо мне и не только" және "Өзім жайлы ғана емес" деген атпен екі тілде шығарылды.