"ҚАЗАҚШАМ ЖАҚСЫ, бірақ ҰЯЛАМЫН" - Баян Мақсатқызы ана тілінен ұялатынын айтты (ВИДЕО)

0
2 411

Танымал продюсер Баян Алагөзова қазақша сөйлеуден неге ұялады?


фото: ашық дереккөзден

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы кез-келген ортада орыс тілінде сөйлейтініне көпшілік ренжитін. Жаны мен қаны қазақ қызы өзінің қазақ тілін жақсы меңгергенін, дегенмен сөйлеуге ұялатынын жеткізді. Бұл жайында Евразия бірінші арнасындағы "Бір сұрақ" бағдарламасында айтты, деп жазады ERNUR.KZ.

"Қиналып, қиналып... әсіресе, менің қазақ тілім өте жақсы. Ұяламын", - дейді Баян Мақсатқызы.

Бағдарлама жүргізушісінің "орысша араластырып сөйлесеңіз де көбірек сөйлеп тіліңізді жаттықтырсаңыз, үйреніп кетесіз", деген ұсынысын продюсер қабыл алды.


Баян Мақсатқызы 13 жыл бойы көптеген талантты қыздардың басын қосып, жұлдызын жаққаны белгілі. Десек те, өзінің сіңлісі әнші әрі актриса Аша Матайды сол құрамдардың қатарынан неге көргісі келмегенін де жайып салды.

"Аша деген өте керемет, өте талантты қыз. Бірақ, "Кешю" тобына келмейтін жағы, бойы ұзын емес. Ол, бір-ақ нәрсе, бойы менікі сияқты кішкентай", - деді Баян Алагөзова.