"Кеше қайда болдыңыз": Отшашуға ойын айтқан әнші халықтың сынына қалды

0
4 666

Халық өнер иесінің кеш қимылдағанына наразы.


Күні кеше Елорда күніне орай ұйымдастырылған отшашуға байланысты халық арасында үлкен дау туындап, екі күннен бері әлеуметтік желілерде талқыланып жатқаны белгілі. Алайда бұл мәселеге қатысты халықтың жанайқайын қолдап өнер иелері арасынан Димаш қана үн қатты. Халық қиналып жатқанда отшашу ұйымдастырған шенеуніктерге деген ашуын, "Дәл осылай жалғастыра беріңдер, сонда келесі жылы тойлайтын адам қалмайды" деген пікірімен білдірген өнер иесі.

Димаштың ашулы жазбасынан кейін өзге де өнер иелері біртіндеп отшашуды сынға ала бастады. Димаштан кейін алғашқылардың бірі болып отшашуды сынаған әнші Алтынай Жорабаева, керісінше өз жазбасынан кейін халықтан сөз естіп қалды.

"Ойбууууууй , мынау не мазақ? Ақталғандарының түрі ме? 1-ші сыныптың баласына айтып отырғандай. Сол дәрігерлерге шын жандарың ашыса, осы кеткен миллиардтарды премия ретінде беретін едіңдер ғой! Осыған ақша бөлгенсіп, сол жерден ақша жеу ғой, негізі. Өз басым от шашу(салют ) дегеннен кішкентайымнан қорқамын. Кәдімгі бір соғыс болып жатқандай естіледі ғой, Алла сақтасын. Жорабай атам соғысқа барған кездерін, қаншама бомбадан Алла сақтап, аман қалғанын айтып беретін. Содан соғыс туралы киноларды көріп, атамның айтып бергені көз алдыма елестеп, сондай қорқыныш қалып қалған . Студент кезімде, 31 желтоқсан күні , кешке құдашам алаңға барайықшы деп... Қорқамын деп айтуға ұялдым. Сол қорқынышымды мүмкін жеңетін шығармын деп , тәуекел деп алаңға бардық . Құдайдың құдыреті , біреудің қолыңдағы атып жатқанының ұшқыны менің шашыма тиіп, шашым өртене бастады. Әйтеуір қолыммен сабалап, Алла сақтап өшірдік. Бәрібір , САЛЮТ жаман ырым деп ойлаймын", - деп жазады әнші instagram парақшасында.

Бірақ әншінің бұл жазбасы көпшілікке ұнамай қалған. Олар өнер иелерінің кеш қимылдап, кеш жазып жатандарына наразы.

"Кеше фейерверктің уақытын айтып жатыр едіңіз ғой... Бүгін басқаша айтып қалыпсыз...", "Сіз де екі күн бұрын ғана дайындалып, ән айтпақшы едіңіз ғой. Халық шулаған соң ғана бас тарттыңыз", "Жазғаныңыз жақсы әрине, бірақ кеше қайда болдыңыздар? Халык кеше шулады ғой. Бірде-бір танымал шықпады ғой халыкты жақтап. Димаш қана шықты", "Кеш ойланып жатырсыздар", - деп жазады оқырмандар.