"Киіз үйде іш көйлекпен билеген": Кәмшат Жолдыбаева тағы да шу шығарды

0
3 806

Оқырмандардың бірі әншіні даттаса, енді бірі қорғап әлек.


Соңғы уақытта шоу-бизнесте аты жиі "қара тізімге" ілініп жүрген Кәмшат Жолдыбаева тағы да көптің ашуын туғызды. Бұл жолы әнші "ашық образымен" киіз үйдің ішінде билеген.

Көптің қызу талқысына түскен видео Instagram желісіндегі @timonmusic парақшасында жарияланды.
Видеодан киіз үйдің ішінде қысқа көйлекпен жүрген әншінің музыка әуенімен би қимылдарын жасағанын байқауға болады. Кәмшаттың ерсі қылығы желі қолданушыларының сынына қалды.

"Киелі киіз үйдің ішінде іш киіммен билеген қай қазақтан көрдің, Камшат?", "Сен өте жақсы әншісің, бірақ, қазақтың киелі киіз үйінде қысқа киіммен билегенің дұрыс емес", "Мына жүрісің бүкіл әулетіңе, бүкіл Қазақстанға жақсылық әкелмейді", - деп жазды ашуға ерік берген оқырмандар.

Ал, kol_oner_satpaev_kalasy аккаунтындағы оқырман әншіні ақтап, пікір қалдырыпты. Ол "Сәтпаев қаласындағы образы. Ол шахтерлар күнінде қонақтарды киіз үйдің ішінде күтті. Кәмшат киіз үйдің ішінде боламын деп ойламаған болар. Ол шын мәнінде жаман қыз емес. Ол - әнші", - деп жазады ол.