«Басқа ұлт болса да Аиша ұятты біледі екен. Ол да солай бала-шағасымен қыдырып жүр ғой жалаңаш суретін салмай-ақ. Бейбіт, Аиша, Ақбота, Құралайдан үлгі алыңыздар» деді жұрт...
Қазір әнші-жұлдыздардың көбісі шетелде демалып жүр. Көпшіліктің сүйікті әншісі Мадина Садуақасова да сіңлілерімен бірге шетелде демалуда.
Қыстыгүні теңізге шомылып, күнге қыздырынған тамаша. Әнші Қазақстанда қақаған аяз болса, өзінің ыстық елде шомылып, демалып жатқанын көрсеткісі келсе керек, шомылатын киімімен түскен суретін инстаграм парақшасына жүктеді. Алайда «купальникпен» түскен суретін парақшасының оқырмандары ұнатпады. Бұл суреті үшін әнші жұрттан «ұрыс» естіді.
«Мадина қызым, мына суретін тіпті ұят болды. Үлкен аналар, аталар көреді. Жас мектеп оқушылары көреді. Сен өнер адамысың ғой. Анасың, бала тәрбиелеп отырсың», «Ел алдында сыйыңызды кетірмеңіз», «Жасыңыз 40-қа келді, салиқалы нәрсе көрсетсеңізші», «Басқалары қойып еңді Мадина шықты ма?! Біздің қазақ қыздарымыз не боп барады? Сағаң жараспайды», «Қазақы иісі аңқыған Қызылорданың қызы үшін мүлдем жат қылық»... деп пікір білдіріп, әншіні сөкті көпшілік.
«Өте дөрекі сурет, қазақ қыздарына ұят. Ал саған Мадина тіпті ұят, сен елдің бетінде жүретін азаматшасың», «Сізді жек көріп кеттім, не сұмдық жалаңаш суретіңізді халыққа көрсетіп...», - дейді оқырмандар.
«Мен сізді бір адамдай сыйлаушы едім, мына тыр-жалаңаш түріңізден кейін ойым өзгерді. Не сол мақтан ба? Ұялмайсың ба? Басқа ұлт болса да Аиша ұятты біледі екен. Ол да солай бала-шағасымен қыдырып жүр ғой жалаңаш суретін салмай-ақ. Бейбіт, Аиша, Ақбота, Құралайдан үлгі алыңыздар. Сен сияқты қыдырғанның бәрі жалаңаш суретін салсақ не болады?» деген де оқырман бар.
Ал сіз ше, сіз не дейсіз оқырман? «Қызға қырық үйден тыйым...» деп көпшіліктің пікіріне қосыласыз ба, әлде...
Фото: @sadvakasovamadina
Тағы да оқыңыз:
Ринат Заитов: «Неге көшедегі адамдар милиция көрсе қашады?» (видео)
«Балаға 1 жасқа дейін төленетін ақшаны 3 жасқа дейін ұзарту керек...»...»