Қарақат Әбілдина тойға дайындалып жүр.
Жақында ғана Түркиядан оралған Қарақат Әбілдина өзін құдағи болуға дайындалып жүргенін айтты. Сол үшін де әшекейлерге әуес болып, "алған алған жерде" ұстанымымен жүргенін жасырмады.
Қарақат Әбілдина: "Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Оның ішінде жүзік-сақинаның түр-түрі , құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау сияқты түрлі әшекей бұйымдарды жасына, жайына қарай таңдап, талғаммен қолданған.
Әр қазақ қызы секілді бұрыннан әшекейге әуестігім бар. Дүкендегі мынау әдемі наборды қарааап-қарап қойып,
“ Алсам ба, алмасам ба?” - дееееп ойланып отырмын.
“Алған алған жерде” дейді, реті келгенде алып қоя берсем, құда түсіп барып, құдағи атанатын күн де алыс емес, бір кәдеме жарай ма екен деп, алысқа көз тастап отырмын.
Мен сияқты ертеңгісін ойлайтын шығарсыз көбіңіз.
Біз әйелдер солаймыз, иә? “Жақсы күніме жарасын” деп жинаймыз, солай ғой?! Жиғаныңыз тек қана той-қуаныш, жақсылыққа бұйырсын!"
Әншінің бұл жазбасын оқыған оқырмандары оның тезірек құдағи атануына тілектестік білдіруде. Сондай-ақ олар да өздерінің бұйым алар кезде алға қарайтындарын айтып, әншімен ойлары келісетінін айтқан.