"КҮЙЕУІМДІ басқаша ТАҢҚАЛДЫРАМЫН" Баян үйінде ас дайындамайтын болып шықты

0
2 340

Продюссер Баян Мақсатқызы үй шаруасына ешқашан араласпайтыны рас па?


Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Атышулы продюссер Баян Алагөзова үй шаруасына араласпағанына көп жылдар болыпты. 22 жасынан үй қызметшісінің көмегіне жүгініп, тірліктен қол үзген Баян Мақсатқызы өз үйінің тұрмыстық техникаларының маркаларына да мән бермеген. Ол бұл туралы YouTube желісіндегі Динара Сатжанның арнасына берген сұхбатында айтты.

Үлкен жобалар менмаңызды кездесулерден қолы тимейтін продюссер жолдасы Тұрсынғалиға бір рет қана тамақ жасап берген екен. Ердің жағдайын асқазаны арқылы жасау керек деген мәтел Баянға тура келмейді екен. Себебі, ол жолдасын өзге қырымен таң қалдырады екен.

«Мен өзім сондай керемет әйелмін күйеуімді басқаша таң қалдырып жүремін, тек ас үйде емес. Мен саған қалай екенін айтып беремін. Тек тағам пісіріп емес... Мейрамханалар бар, кафелер бар хабарлассаң жеткізіп береді. Бізде манты жейміз, лағман жейміз барлығын жейміз. Менде Ажар атты көмекші бар, ол тағамдарды өте керемет дайындайды. Алайда пісірген тағамдарды дастарханға ұсынамын... Мен қолы босай бермейтін адамдардың қатарынанмын. Түсірілімдер бар, жобалар бар. Үйге өте шаршаңқы болып келемін.Әдемі әсемделген дастархан мен дәмді тағамдармен күйеуін қарсы алатын әйелдердің қатарынан емеспін»,-деп өзінің бар шындығымен бөлісті.


Ас бөлмесінде өткен сұхбаттың барысы Баян Мақсатқызының шаруашылыққа қаншалықты икемділігін көрсетті. Картоп ашып, тағам жасауға шақырылған продюсердің шаршаңқы болып сөйлегенін оқырмандар да байқапты.


ERNUR.KZ