Аналарға лайфхак
#Сәкенбалалармен хэштегі бүгінгі таңда танымал хэштегтердің бірі десек, қателеспейтін шығармыз. Белгілі әнші, «МузАРТ» триосының солисі Сәкен Майғазиев желіде балалармен түскен сурет, видеоларын жүктеп жүреді. Өнер иесінің балажандығы мен мейірбандығына сүйсінбейтін жан кемде-кем. Әнші соңғы кездері тойларда, түсірілім алаңдарында шырылдап жылап, мазасызданған балапандарды Құран сүрелерімен жұбатып, лезде тынышталдырғанын жүктеді.
«АЛЛАның құдіреті ғой, той бойы мазасызданып, шырылдап жүрген балапанды осылай етпетінен жатқызып, ішіне алақанымды қойып, “ФАТИХА”, ЫҚЫЛАС”, ”АЯТ-ҮЛ КҮРСИ”, “ФӘЛАҚ”, “НӘС” сүрелерін оқып едім, қоя қойды. Іші кепкенде баланы етпеттеп ұстау керек дегенді құлағым шалып қалған-ды. Кейде, балалар (ғұсыл алмай келгеннен ба) жұбанбай (уанбай, көнбей, қоймай) ұятқа қалдырады», - деп жазды Сәкен мырза.
Соңғы жазбаларының бірінде тұңғыш ұлы Әділетке қарата «Келесі жылы үйлене бересің-ау, ата болуға дайын сияқтымын» деп ағынан жарылды.
Ал желі қолданушылары болса, Сәкен Майғазиевтің бұл әрекетіне сүйсініп, «Күшті ата боласыз», «Керемет лайфхак», «Бала да жақсы адамды біледі», «Ата болуға дайын екенсіз» деп жарыса жазды.