«Құтырайын депті ҚАРТАЙҒАНДА...» - "Қалаулымның" түркістандық қатысушысы көптің сынына қалды

0
6 774

Сіздің пікіріңіз қандай? Би де жасқа қарай бөліне ме?


«Құтырайын депті ҚАРТАЙҒАНДА...» -

Соңғы кезде «Қалаулым» бағдарламасының инстаграмдағы @kalaulym_ok парақшасы күнде жаңа видео салып жүр. «Ұнаса лайк. Ұнамаса не себепті ұнамайды коментке жаз!» делінгендіктен, парақша оқырмандары әр видеоға өз пікірлерін қалдырады.

Жуырда "Қалаулым" бағдарламасы арқылы өз бақытын іздеуге ниет еткен Жанна Дауешованың билеп тұрған видеосы салынды. Жанна - бағдарлама қатысушыларының ішіндегі жасы ең үлкені. Ол Түркістан облысының тумасы, 45 жаста, 3 баланың анасы, күйеуі қайтыс болған. Ол балаларына жақсы әке болатын, сенімді, білімді, жан-жақты көзқарастағы ер-азаматты іздеп жүр. Болашақ жарының жас ерекшелігі маңызды емес.

Осындай ойдағы Жанна видео арқылы бойын да көрсетпек болған шығар?! Бірақ та, оның биіне жағымсыз пікір жазғандар көп.

«Жасына сай қылық жасасайшы», «Тым ерсі көрінеді», «Кəрі түйе ойнақтаса, жұт келер деген», «Алжыған», «Ішіп алған ба?», «Құтырған кемпір», «Ақтотыдан жұққан ба оқалақ ауру», «Апатай, жас кезіңіз есіңізге түсіп кетті ме?!», «Ұят қылық мынауы, жасына сай қылық емес», «17-18 жастағы қыз құсап билеп тұрғаны жасына лайық тірлік емес», «Баласы бар әйел осылай бұлаң-бұлаң билей ме? Ұят қайда?» дейді оқырманының басым бөлігі.

Әйтсе де, Жаннаның биінде ешқандай ерсілік жоқ екенін жазған оқырмандар да кездеседі.

«Ішіп , тозып, сасып жүрген әйелдерден жақсы ғой. Мықты әйел екен, өзіне қарап, күтініп жүрген», «Өте әдемісіз, жарасымды, бақытқа лайықтысыз», «Главное ашық-шашық емес», «Билей берсін несі бар, жарасып тұр сыпайы ғой», «Жақсы ұнайды», «Жанна ханымның биі де, киімі де өзіне жарасымды. Талай сөз айттыңдар. Ұят емес пе?!»...

Сіз, қай топтың пікірін қолдайсыз? Би жасқа қарай ма? Балалы әйел қалай билеу керек?

Видео: @kalaulym_ok

фото: kalaulym.kz


ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

«Бала-шағаң болмаса мұның бәрі кімге керек?!»

«Жолдасыңызға ТАЗАЛАТЫП ҚОЙҒАН не деген мықты әйелсіз» - оқырман Дана Нұржігітке сүйсінді (ВИДЕО)