​«Қытайдан қызғанып 20 тоннасын сатып алдық»: Айнұр Тұрсынбаева шай шығаратын зауыт ашты

0
22 855

«Бар күшімізді, ақшамызды осы іске салдық»


​«Қытайдан қызғанып 20 тоннасын сатып алдық»: Айнұр Тұрсынбаева шай шығаратын зауыт ашты


Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева табиғи, таза органикалық өнімдер шығаратын SAAD компаниясын ашты. Аталмыш компанияның ашылуына қазақ эстрадасындағы әншілер, блогерлер, өнер қайраткерлері қатысты.


«Біз бүгін төрт өнімді ұсынып отырмыз. Біріншісі көк шай, бірақ бұның дәмі көк шай болғанымен, ішінде итмұрын, тауда өскен жалбыз, қант диабетімен ауыратындарға ішуге болатын науат, Түркиядан әкелген цитрустар қосылған. Екішісі дәруменге толы қара шай, үшіншісі сұңғыла тамырынан жасалғани емдік шай, төртіншісі – тірі хлорелла», - деді Айнұр Тұрсынбаева.


Айнұрға бұл идея екі жыл бұрын келген екен. «Біздің Мойынқұмның шалдары сұңғыла деген шөптің тамырының тонналап Қытайға кетіп жатқанын көріп, іштен тынып жылайтын еді. Соны естіп, 2021-жылы тәуекел деп ауылдың балалары жинаған 20 тонна сұңғыланы сатып алдық. Ол кезде не зауыт, не қойма жоқ, Қытайға бермесек болды деп сатып ала бердік. 2 жылдың ішінде барлық күшімізді, ақшамызды, жанымызды салып, осы цехты салдық. Сөйтіп тамырдан шай жасайтын зауыт іске қосылды», - деді ол.