​«Қыз-келіншектерді шешіндіріп, арқасына су бүркиді»: Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Омар Жәлелге ауыр айып тақты

0
16 532

«Кездескен жерде екеуінің мұрнын бұзам»


​«Қыз-келіншектерді шешіндіріп, арқасына су бүркиді»: Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Омар Жәлелге ауыр айып тақты

Танымал кәсіпкер, бизнес-жаттықтырушы Ахметбек Нұрсила «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, абайтанушы Омар Жәлел мен сюцай ілімін насихаттаушы Жанат Қожамжаровты алаяқ деп айыптады.


"Сюцайды насихаттап жүрген Жанат Қожамжаров пен Омал Жәлел екеуіне «егер де бір жерде кездессек мұрныңды бұзамын» деп бұрын да айтқанмын, қазір де айта аламын. Өйткені бұлар қазақ халқына өте үлкен қасірет әкеліп жатыр. Әсіресе, Омар Жәлелдің тіл жағы керемет. Құдай кейбіреуге тілді береді ғой, мысалы Гитлерге, Бетховенге, Гетеге берген. Осылар қолдары қалт етпей адамдарды тілімен сарайға жинап тұрып, тірідей өртеп жіберердей жауыздық жасаған. Омар Жәлел тура соны істеп жатыр.


Түгел өзінің қара басы мен нәпсісі үшін тірлік қылып жатыр. Ол менен екі рет кешірім сұрады. «Ахметбек ағама рахмет, мені тура жолға салды, қателісіппін» деп әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. Біріншісі – лоторея ойнатып, кітаптарын сатты.Лоторея деген өтірік нәрсе, харам тірлік. Оны қазіргі өнердегі «шегірткелер» де жасады. Ернар Айдар, Айгүл сияқтылар да халықты алдап, ақырында не пәтер, не көлік жоқ боп шықты. Ал енді өнердегі таза, ар-ұяты бар Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман сияқты шынайы әншілер ондаймен айналыспады.


Бірақ мынау Омар Жәлел осыны істеді. Бірақ мысықты қалай лақтырсаң да төрт аяғымен түсетіні сияқты, бұл да қызыл тілдің арқасында дінмен де, Абаймен де дұрыс қылып шығарды. Екеуміз бір телеарнада дебатқа түстік, сонда мен өзіне «ақшадан өлдің бе» деп айттым. Беті қалың ғой, телеарнада шырт етпей сытылып шықты. Бірақ артынан мойындап, кешірім сұрады" деді кәсіпкер.


Ол сондай-ақ, Омар Жәлелдің қазақ қыздарын қорлайды деп айыптады.


"Бұлар қазақтың әйелдерін кредитке кіргізіп, бір миллион теңгеден жинап жатыр. Сосын тағы бір миллион алады, бас-аяғы екі миллион кетеді. «Сен осы жерден менен сертификат алсаң, ертең 50 адам жинап тренинг өткізіп, әрқайсысынан 100 мың теңгеден жинап, ақшаңды шығарып аласың» дейді. Әлгі тренингте қыздарды тыр-жалаңаш шешіндіріп, арқасына су бүркиді. Барып қатысқандардың біразы маған жылап келді. Бірақ әлеуметтік желіге айтудан қорқады" деді Ахметбек Нұрсила.