"Қыздарымның келісімін алдым": Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шықты

0
26 301

Ертең тағы да жаңалығы бар екенін айтып жұртты қызықтырып қойды.


Белгілі әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шықты. Әнші жағымды жаңалығын Инстаграмдағы парақшасында жариялап, өміріне шүкіршілік айтты.

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес, Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір.
Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге. Ертең Алла қаласа тағы да жаңалығым бар"
, - деп жазған Алтынай.



Желідегі оқырманы құттықтау тілегін арнап жатыр.


"Әрбір адам бақытты болуға лайықты!!! Керемет жаңалық!", "Бақытты болыңыздар! Бір жастықта қартаюды Алла тағалам нәсіп етсін сіздерге", "Бақытты болыңыз! Алла бағыңызды ашсын"", "Бақытты болыңыз! Алла бағыңызды ашсын", "Сіз бақытты болуға лайықтысыз", деп жазды олар.


Алтынай Жорабаева кімге тұрмысқа шықты?


Алтынайдың таңдауы кімге түскенін оның өз келіні айтып қойды. Талғат Жорабаевтың жары жұлдызды қайын әпкесі енді өзіне одан бетер жақын бола түскенін жеткізген.


Аяулым Жанатова өзінің Instagram парақшасында қайын әпкесін құттықтап, "арғындар ұлы жүзбен құдаласып жатыр" деп жазған.


"Әпкетай-Жеңешем бақытты болыңыздар. Ағам алтын ғой алтын. Осындай жезде тауып берген сізге Алла разы болсын! Аллаға шүкір етемін. Сіз бақытқа лайықсыз Жеңешелі болып жатырмын ал қыздарым. Қайын әпкем одан бетер жақын болды-ау. Ағамның гүлі болып жүре беріңіз. Арғындар ұлы жүзбен құдаласып жатырмыз ал" , - деп әншінің келіні.