«Қызыл шұлық, сары шаш»: Әрі актер, әрі боксер Еркебұлан Тоқтардың стилі желіні шулатты

0
2 614

«Аралас жекпе-жекте еріккеннен жүрген жоқпын»


«Қызыл шұлық, сары шаш»:  Әрі актер, әрі боксер Еркебұлан Тоқтардың стилі желіні шулатты

Төбелесу мен киноға түсудің арасында баланс тапқан Еркебұлан Тоқтар «Түнгі студия» бағдарламасында жеке стиліне, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың «Қызыл нәскиін бір көрмедік қой!» дегеніне Еркебұлан аяғындағы қызыл шұлығын көрсетіп:

– Бұл оның үстіне ұзын, - деп студиядағыларды күлдірді.

– Жекпе-жек, әлде кино? Қайсысы саған хобби?

–Хобби – жекпе-жек, жұмысым – кино. Кинодан аз, жекпе-жектен көп ақша аламын.

– Қанша сонда?

– Бір жылда 7 жекпе-жек өткіздім. Өткен жылы менде ешнәрсе болған жоқ. Биыл көлігімді, мотоциклімді, ең бастысы, әкеме Соната көлік алдым. 30 миллиондай болды.

– Бір төбелесіңізде шашыңызды сап-сары қылып бояп шықтыңыз. Сары шашпен неге балдарды ұрып жүрсіз?

– Ол күні менде түсірілім болып жатқан. Netflix-қа сериал түсіріп жатқанбыз. Жекпе-жек түсірілім біткен келесі күні болатын болды. Шаш бояйтын уақыт болған жоқ. «Тәуекел!» деп шықтым. Ол төбелестен ұтылып қалсам, біраз әңгімеге қалар едім. Құдай сақтап жеңіп шықтым. Қазір әлі күнге сары бояуы қалып кеткен. Жуған сайын қара түсі кетіп, сары шаштар сәл-пәл көрініп қалады.

– Сары шашты сұраған себебім, киноға актерді стилистер дайындайды ғой, сол сияқты жекпе-жектерге стилист дайындайды ма?

– Жоқ, бізде ММА әлі ондай деңгейге жеткен жоқ. Негізі әр палуанның өзіндік образы, тарихы болуы керек.

– Сенде жақсы тарих қалыптасып жатқан сияқты, иә? "Кинодағы актер төбелеске қалай келіп жүр?" деп елдер қызыға қарайды.

– Иә, ол жағы жақсы.


– Жалпы неден басталды? Жекпе-жекке қалай келдің?

– Осыдан бір жарым жыл бұрын Украинаның актерлері келген. Сонда 3 раунд 2 минуттан бокстастық. Сол кезде украиналық әріптесімді екінші раундта бір рет, үшінші раундта бір рет құлаттым. Соны көріп промоутерлер «Аралас жекпе-жекке шығасың ба?» деп хабарласты. Өзім қатты ойланғанды жақсы көрмеймін. Құдай қайда бағыттаса, сол жаққа бара беремін.

– Қызың бар ма?

–Жоқ, қызым жоқ. Жасым 27-де.

– Қандай жоспарларың бар?

– Осы жылдың соңына дейін үйдегі қаржылық жағдайды реттеу, үйдің ипотекасынан құтылып, әке-шешемнің жағдайын жасап, бәрі жақсы болған соң жеке өміріме кірісемін, бұйыртса.


Жеке стиліне, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берген Еркебұлан Тоқтар туралы аз-кем мәлімет келтіре кетсек, ол «Женатый холостяк», «Бишарашки» фильмдеріне түскен. Ал аралас жекпе-жекке ақша табу үшін қатысып жүргенін жасырмайды.

«Мен бұл жерде жеңу, жеңілу емес, ақша табу үшін жүрмін. Мен актер болып жүріп көп ақша тауып жүрген жоқпын, мен осы жерде отбасымды, болашақ жарымды асырау үшін, солар жақсы үйде тұрсын, жақсы көлік мінсін, солардың бар қалауын орындайын деп жүрмін. Мен бұл жерде еріккеннен жүрген жоқпын», - дейді ол.



Тағы бір жазбасында «Еркек жеңіспен емес, жеңіліспен сыналады. Мен ұтылдым, бірақ таяқ жемедім, ұтылдым, бірақ шегінген жоқпын, кім еркек сияқты кім қатын сияқты төбелескенін бәрі көрді. Жазасын беремін Ин Ша Алла» деп жазады Еркебұлан.