Мадина Сәдуақасова туған күніне Аланиядан пәтер сатып алды

0
4 352

«Бұл жақта жыл он екі ай жаз»: Армандар орындалады


Мадина Сәдуақасова туған күніне Аланиядан пәтер сатып алды

Эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Сәдуақасова Аланиядан пәтер алғанытуралы өзінің инстаграм парақшасында тікелей эфирде айтты.

«Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым. Әнуарды мектепке жібердік, туған күн де келіп қалды, әрі-бері ақшамызды әр нәрсеге шаша бермей, бір үй алып қояйық дедік. Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?!. Осы жердегі @royal_club_alanya арқылы келісіп сатып алдық, бұлар бағаны күшті түсіріп береді екен. Әр отбасына осындай үй алу бақыты бұйырсын!» деп жазды белгілі әнші.

Тікелей эфир барысында Түркияның оңтүстік жағалауындағы Анталья провинциясының ауданы Аланиядағы қайсыбір тұрғын үйде болса да міндетті түрде бассейні болатынын, өйткені, онда жыл он екі ай жаз болатынын, адамдары қаңтар, ақпан айларында да шомылатынынан да хабардар етті. Сондай-ақ М.Сәдуақасова пәтер алған үйдің ішкі-сыртқы көрінісін түсіріп, кинозал, тренажер залы, демалатын орын, ресторанына дейін көрсетті. Айналасы жап-жасып, жан-жағында суы ағып тұрған керемет жер екенін жеткізді.

Әншінің оқырмандары арасында жаңа пәтерімен құттықтап, пікір қалдырғандар көп. «Құтты болсын, осы менде бір сұрақ туындайды. Осы шетелдіктер тұрғын үйлерді сапалы әрі бағасын да қолжетімді етіп салады. Біздің елімізде де неге сондай үйлер тұрғызбасқа?! Әй, қайдам? Қарапайым үйлерді ала алмай жүрген қазақтарға ондай үйді алу қайдан бұйырсын?!», «Енді Аланияға қорықпай бара берем, Мадина әпшемнің үйіне қона салам деп», «Қызықтың бәрі өз туған жеріңде, ағайын-туыстарыңның ортасында» деген сияқты пікірлер айтылуда.