«Маймыл дегенше, майлы дей салмайсыз ба?!»: Жасұлан Базарбаев семіздігін сынағандарға үн қатты

0
2 022

«Ештеңе ішпедім, ешкімнің диетасын ұстамадым»


«Маймыл дегенше, майлы дей салмайсыз ба?!»: Жасұлан Базарбаев семіздігін сынағандарға үн қатты

Белгілі продюсер, әнші Жасұлан Базарбаев әжептәуір «азып» қалыпты. Әзіл-қалжыңды бір кісідей түсінетін өнер иесінің салмағына, дене тұрқына қатысты желіде біраз сын айтылып жүргені жасырын емес. Таяуда ғана «Ойбаай, осы маймыл күйдірмей әншілікті қоя салсыншы» деген сыңайдағы оқырманына Жасұлан мырза былай деп жауап берген болатын.




«Роза әпше, "еркек маймылдан сәл әдемі болса болды"дейді ғой. Шлиии маймыл демесеңізші))) ең құрығанда майлы дей салмайсыз ба?! @roza74zhan үйдегі ағама айтыңыз, зоопаркке апарып тұрсын да, маған тіркеліп алып тегін маймыл көріп отыра бермей)))», - деді өнер иесі.


Одан соң қалай азғаны туралы жазды.



Ал өнердегі әріптесі Нұрболхан Шарап: «Ұяласың, аха! Бұлардың бәрiне жын көрiнген бе? Кәрiң де, жасың да бәрi инстада бiр-бiрiн жек көредi. Басқа ұлт жазса қойш дейсiң ғой. Сөз жоқ!» - деп жазды.