Атақты жұп ақиық ақынның "Махаббат диалогы" өлеңін оқиды
Мұқағалидың өлеңін оқыған Қыдырәлі мен Қарақат көпшілікті тәнті етті.
Атақты жұп ақиық ақынның "Махаббат диалогы" өлеңін оқыды. Оны Қыдырәлі Болман инстаграм парақшасына жариялап "М.Мақатаевтың сөздері сөз-ақ қой шіркін... Кешкі, жұмыстан кейінгі маxаббат..." деген жазба қалдырды.
Жұлдыздардың өлең оқығанына риза болған оқырмандары оларға бақыттары мәңгілік болуын тілеп ізгі ниеттерін жолдап жатыр.
Бірақ пікірлердің арасынан ара-тұра "Бақыт тыныштықты сүйеді" немесе "Не істерлерін білмей, не болса соны инстаграмға жібереді. Үлкен баласынан ұялмай ма екен, әлде бәрібір ма?" деген сыни пікірлерді де кездестіріп қалдық.
Фото-видео: kydyrali_bolman