Ұтыс ойындары турасында жанайқайын жеткізуге келген Айгүл Иманбаеваны көрген халық шошып кеткен.
фото ғаламтордан алынды
Ұтыс ойнатамын деп басы дауға қалған эстрада әншісі Ернар Айдардың ұтыс ойынының ақиқатын ашқан "Астарлы ақиқат" бағдарламасы мен ондағы сарапшылардың пікірі, өз инстаграм парақшасында лоторея ойнатып, үміт сатып жүрген өнер иелерінің көпшілігіне жақпай қалған. Осы турасында өз ой пікірлерін, шындығын, ақиқатын айтамыз деп "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келген әнші, актриса Айгүл Иманбаева мен (Бүркіт) Айбек Сейітовті халық қатаң сынның астына алды.
Әсіресе халыққа ибалы келін образымен танылған Айгүл Иманбаеваның тікелей эфирдегі мінезі көпшілікті шошытып жіберген.
Тіпті Иманбаеваның бағдарлама барысындағы қылығын сынаған пікірлер өнер иесінің әлеуметтік желідегі өз парақшасына да қарша бораған.
Сондай-ақ оқырмандар қазіргі кезде әншіліктен жаппай ұтыс ойнатуға көшкен әншілерге өкпелерін де айта кеткен.
"Айналайын-ау, бұлар пайда көрмесе ойната ма, ойнатпайды, пайдасы болған соң ойнатып отыр", "Халықтың жағдайын ойлап лотарея ойнатады дейсің бе? Өз қалталары, атақ-даңқ үшін тек!", Кез-келген әрекетте пайда көруді көздейді, лотореядан пайда түспесе ешкім де ойнатпайды. Ешқандай да, қайырымдылық қорын көріп тұрған жоқпын. Әншілердің тарапынан нақты дәлел болатын ақпаратты естімедім, бос сөз, халықтың назарын қалай бұрып жіберсек деген ой ғана" деп пікір қалдырған көпшілік.