​«Мен оның Шұнағы едім»: Қарақат Әбілдина марқұм ағасын есіне алды

0
2 123

«Қарындасқа гүл сыйлап тұру керек»


​«Мен оның Шұнағы едім»: Қарақат Әбілдина марқұм ағасын есіне алды

Танымал әнші Қарақат Әбілдина балалық шағы жайлы жан тебірентерлік жазба жариялады. Өнер иесі бала кезінде өзіне гүл сыйлаған марқұм ағасын есіне алды.


«Ең алғаш гүл алған кезім есімде. Байғұл деген ауылда тұрамыз. Көктем келгенде менің туған күніме қарай қырдың жиегі қызғалдаққа боялып, бәйшешектер өсуші еді. Ғарифолла деген ағам (жаны жәннатта болсын) екеуміздің туған күніміз қатар, 5-6 сәуір. Қырға атпен барып «Шұнағыма ең әдемі гүлдерді жинап келдім» деп ат үстінде тұрып гүл сыйлағаны бала болсам да есімде мәңгі қалыпты. Өзенге түссе де суда өсетін, сабағы ұзын, ақ гүлдер болушы еді ғой, соны терең жағына жүзіп барып алып беретін.


Өнер адамы болатынымды сезді ме екен, басқаларға емес, маған, барған жерінен әдемі нәрсе көрсе алып жүретін. Станцияның дүкеніне жаңа тауар түссе атына отырғызып алып , қалағанымның бәрін әперіп, мұздай қылып киіндіретін. Марқұм ағамның ғұмыры тым қысқа болды, 25 жасында өмірден өтті. Өскенімді көрмеді. Сағынышпен алтын ағамды еске алып отырмын», - деп тебіренді Қарақат Әбілдина.


Өнер иесі ер-азаматтарға қарындастарына үнемі гүл сыйлап тұруға кеңес берді.


«Мені оқитын ер балаларға айтарым, бір туған қарындасыңыз болса арасында бір гүл сыйлап жүректерін қуантып қойыңыздаршы. Бала кезде туған ағасынан алған гүлдің жөні бөлек. Жүрекке ыстық қабылданады. Анаға құрмет жайлы айтпасам да түсінікті шығар», - деді әнші.