​«Мен сияқты жігіт бұйырсын»: Қыран Талапбек әйеліне су жаңа көлік сыйлады

0
7 872

«Бірінші машина Гүлзаданың өзіне ұқсайды екен»


​«Мен сияқты жігіт бұйырсын»: Қыран Талапбек әйеліне су жаңа көлік сыйлады


Ел ішінде «мобилографияның атасы» атанып кеткен мобилограф, блогер Қыран Талапбек әйелі Гүлзада Тұрлашқа құны шамамен 25 миллион теңге тұратын «ZEEKR 001» көлігін сыйлады.


Ол алдымен видеодағыдай кішкентай көлікті көрсетіп, «мынау сенің машинаң, құтты болсын» деді. Артынша әзілдегенін айтып, «ZEEKR 001» машинасын аулаға кіргізді. «Жұғысты болсын, қыздар! Мен сияқты жігіт бұйырсын» деп жазды ол «Инстаграмына». Ал әлгі кішкентай көлікті інісіне сыйлап жіберді.


Айта кетейік, Гүлзада Тұрлаш Қыран Талапбектің екінші әйелі. Мобилограф алдын Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекпен отау құрған. Олардың Назар есімді ұлдары бар. Гүлзада да бұрын тұрмыста боп, күйеуімен жараспай, ажырасып кеткен.


Гүлзаданың «Инстаграмдағы» «Маған машина сыйлады. Әлемдегі ең керемет күйеу, Аллаға сансыз шүкір» деген жазбасына көпшілік жылы лебіздерін білдірген. «Бірінші машина күлетіндей-ақ екен, Гүлзадаға ұқсайды», «Күйеуінің сүйетіні көзінен көрініп тұр», «Жарайсың, бірінші машинаны күліп қабылдай білдің», «Менің де қыздарыма осындай күйеу, осындай бақыт жұғысты болсын!» деді оқырмандары.