"Молдаға апарып дем салдырыңдаршы": Айгүл Елшібаева Жанат Бақытқа қатысты ойын айтты

0
3 863

"Алланы босатыңдар ол балық дәуірінде қалды дегені не масқара?"


Көпшілікке белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қазір желіде өте белсенді. Әсіресе псевдопсихологтарды сынға алып, оқырмандарға діни сауаттылық жөнінде жиі жазба жариялап жүр. Бүгін танымал журналист Жанат Бақыттың соңғы жазбаларына қатысты пікірін жазды.

Айгүл Елшібаева: "Жанат туралы айтыңызшы деп мені мүфтиятының бас имамындай дайректте шулайтын қатындар!

Діннен бейхабар, әлі дәрет алу түгіл, ораза, зікір, намаздан хабары жоқ, нәпсі мен иман туралы хабары жоқ қатындар, аспаннан түскендей, Яссауидай бір құрмамен нәпсісін тыйып, дым жемей отыра ала ма?
Сопылықта шариғат, тарихат, мағрипаттан өтіп хақиқатқа жеткен, нәпсісін жеңген Яссауидай әулиелер ғана бір құрмамен өмір сүрген.
Рухы маған кірген, саған да кіреді, ұлы адамдардың рухы деп, исламда жоқ будда іліміндегі өлген адамның рухы рейнкарнациядағыдай шыбынға, өсімдік, жануарға қонады дегені, ислам дінін ұстанғандарға керек емес.
Нәпсі деген не екенін білмей отырып, нәпсін тыйған тақуа әулиенің жаны қонды деп, діннен бейхабар өздерін қалай әулиемен салыстыруға болады?
Молдалар исламда әр адамның өлген рухы, қабірде, сұраққа жауап береді, Жауап бермегендерге, тартады көр азабын отқа салып деген Абылдың жырында бар.

Қияметтегі сұрақ, дүниедегі істеген жақсы ісіңнің сауабы таразыға тартылады деп айтады. Дүниеде адамға сұрақ жоқ, амал бар, ана дүниеде сұрақ бар, амал жоқ деп айтады.
Жанат апаңа салиқалы, сауатты жын кіргендей ораза ұстамаңдар десе, қалай тақуалықтың дәмін татасыңдар? Сондықтан діннен хабарларың болмаса, ораза ұстамаңдар деген Жанат апаңа айтып бар. Нәпсіні тыюдың бірі - ораза. Нәпсісін тыя алмаған адам ешқашан да рухани кемелдене алмайды. Жанат дінді зерттейтін болса, діни ілімді алу керек. Мұсылман діни сауатты молдадан рухтың кемелденуі туралы, сол сопылық ілімде айтылған.
Иманың өссе, шайтаның бірге өседі дейді. Діни сауатың болмаса, ұстазың жоқ болса, сені шайтан лезде адастыруы мүмкін. Өз басынан өткізбей, әр кітапты оқыған жинаған мәліметтерді, елге ақыл айтып, бағыт бағдар беруші ұстазы болмағасын, діни сауаты аз болғасын пенде адасады.
Есі сау адам, адамзаттың соңғы діні исламды жоққа шығара ма? Адаспағаны не қалды?
Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран пайғамбарларға түссе. Маған жаратушыдан жасыл кітап түседі дейді, өзін қолдан жасаған пайғамбар қылды да қойды. Не масқара?
Алланы босатыңдар ол балық дәуірінде қалды дегені не масқара? Алланы жүректен босата алмаймын. Молдаға апарып дем салдырыңдаршы апаларыңа, қатты кетіпті".


Мұны оқыған оқырмандадың басым бөлігі оның сөзін қолдап, "Жаныым, жанын шығарып тұрып айттың, жетесіне жетсе. Рахаттанып тұрып оқыдым", "Қасиетті Рамазан айында, Аллам сізге разы болсын. Алламыз жүрегімізде, ол жүректер иесі. Иманың әлсіз болса, Аллаға сенімің күмәнді болса, осындайларға еріп кетуің ғажап емес. Айгүл ханымның, өзіне сеніп, өткір сөйлеуі, Алланың арқасы деп білем. Рухыңыз мықты, нағыз мұсылман адамның сеніміндей өжет. Қолыңыздан келіп жатса, оқырмандарыңыз бар ғой, соларға өз тарапыныздан осындай ілімдерінізді айтып отырсаңыз. Алла, сізден разы болсын" деген ойларын жазуда.