"“қыз баланың дауысы әуретке жатады” - дегенді де оқып, естуім бар..." - дейді әнші.
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің соңғы жазбасымен тыңдармандарын алаңдатып қойды. Ол өзінің парақшасына: "Адам баласы иманы күшейген сайын, ақыретін көбірек ойлап, сол тарапта көбірек амал жасауға тырысады.
Соңғы кезде мені қатты толғандыратын мәселе:
музыка - арам (харам) әлде, адал (халал)?
Әсіресе: “қыз баланың дауысы әуретке жатады” - дегенді де оқып, естуім бар...
Мүмкін сол үшін де, қыз баласына дауыстап Құран, намаз оқуға рұқсат жоқ...
Әнім харам болған жағдайда,
Алла берген мына дауысты қайтейін???
Осы мәселе бойынша ойларыңызбен бөліссеңіздер? Мүмкін Құран аятын мысалға келтіретіндеріңіз бар шығар, жазып өтіңіздер. Маған көмектеріңіз керек!" деп жазды.
Әнші орамалға келгелі оған айтылар сын да, қолдау да бұрынғыдан еселенді. Ал бұл жазбасы тыңдармандарын тіпті алаңдатқан секілді, себебі олар "Мөлдір, жаным сол саған дауысты Алла берді. Нәпақасы, жейтін наның осы даусымен тапсын деп. Сол даусың арқылы басыңа бақ берді. Ол бақ елдің, көптің, халықтың ықыласы. Ал Халық Құдайдан бір саты төмен деген. Сондай ақ саған саралау үшін сана, сезіну үшін жүрек берді. Адамның басқа тіршілік иелерінен артықшылығы - біле тұра істейтініңде дит. Дауысты саған Алланың өзі берген сыйы екенін біле тұра ән айту харам, әйел дауысы ауретке жатады деуіңе жол болсын? Есіл еңбегі ай ұстаздарыңның! Бір жақты пікірге улана бермей өмірге жан-жақты қарап, таразылай білетін психологқа жүргінші өтініш. Өзіңді өзің рамкага салма! Хақың жоқ білдің ба артыңда қаншама тыңдарман көпшілік тұрғанда ән айтуды тастауга Хақың ЖОҚ! Ән айтпай ақ та бір наныңды табарсың бірақ ол нан тәтті болар ма екен?! Сүйсініп жей алар ма екенсің?Әнді тастап соңында Виктор Франклдың көмегіне жүгініп жүрме. Ойлан!", "Сен сияқты дарындар қазаққа керек! Сахнадан кетпеңіз" деген сынды ойларын жазуда.
Ал оқырманның бір бөлігі оған дін мамандарынан сұрап, психологпен жұмыс істеуіне кеңес берген.