"Мұншалықты жұпыны, талғамсыз деп ойламаппын": Танымал журналист Шәмшінің мазарын сынға алды

0
2 718

Мәселе салынған ғимараттың арзан немесе қымбаттылығында емес.


Үнемі өзінің өткір ойлары мен пікірлерін ашық айтатын журналист, продюсер Серік Абас-Шах бұл жолы тарихы тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің бейіті туралы сөз қозғады.

Кеңсай Алматы қаласында орналасқан қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғаларды жерлеуге арналған мұсылмандар зираты екенін білесіздер. Онда ел тарихында өзіндік орны бар тұлғалар жатыр. Продюсер сол жерден бірнеше танымал жандардың мазарын салып, өз ойын да жазбаға түсірген. Соның бірі - Шәмші Қалдыаяқов мазарына қатысты.

"Пәленше деген ауылдың қасындағы төбеге қойылған Түгенше деген колхоз белсендісінің бейіті сияқты ма? Жоқ, қателестіңіз.
Бұл жерде қазақтың ұлы таланты Шәмші Қалдаяқов жатыр.
Шәмші ағамыздың қарапайым жан болғанын білеміз. Бірақ жатқан жерін мұншалықты жұпыны, мұншалықты талғамсыз салынған деп ойламаппын (артық айтсам, Құдай өзі кешірсін, әрине). Бұл Қалдаяқовтар әулеті үшін емес, исі қазақ үшін ұят.
Ескерту: Мәселе салынған ғимараттың арзан немесе қымбаттылығында емес. Талғам деген нәрсе бар.
Кеңсай-1. Алматы" - дейді Серік Абас-Шах.

Мұны көрген желі оқырмандары да оның пікірін қолдап, қазақтың барын бағалай алмайды дейді. Дегенмен көпшілік оқырман продюсердің ойымен келіспейтінін, өмірден өткен адамға оның пайдасы жоқ екен айтуда.

Олар "Барі бір емес пе? Сол заманына сай кылып салған. Ол үйді соңғы модамен салса да, оған пайдасы жоқ. Әрі ысырап жасағаннан осылай қала бергені жақсы деп ойлаймын. Менің де ата-әжемнің бейттері ескі, оны жаңартуға болмайды дейді", "Өлілерді емес, тірілерді сынаңызшы" деген сынды ойларын жазған.

Продюсер Шәмші Қалдыаяқовтан бөлек, Мұқағали Мақатаев, Шерхан Мұртаза сынды тұлғалардың зираттарын суретке түсіріп, оны желіге жариялаған.