«Наурыз көже әзірлей алмаймыз!» Баян Алагөзованың шәкірттері ұятқа қалды

0
1 722

Олардан өзге кейбір шоу бизнес өкілдері көжені көше мен мейрамханалардан ішетінін айтқан.


«Наурыз көже әзірлей алмаймыз!» Баян Алагөзованың шәкірттері ұятқа қалды

ERNUR.KZ. «Наурыз көже әзірлеу білесіз бе?» Жұрт алдында жарқырап жүрген жұлдыздар тығырыққа тірелді, деп жазады shownews.kz.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақ өнеріндегі нәзік жандыларды тілшілер тығырыққа тіреді. Журналистердің тарапынан жолданған сауал: «Сіз наурыз көже әзірлеуді білесіз бе?»

«Жоқ, жасай алмаймын! Анам істейді. Анам Ақтауда тұрады. Алматыға келген кезде істейді немесе мен Ақтауға барған кезде. Былай көжені көшеде, мейрамханаларда ішеміз», – дейді актриса Гүлназ Жоланова.

«Қазақ аруы» байқауында топ жарған Жоланованың жауабы осы! Ал, дәл осы конкурс арқылы дәстүрді дәріптеуді көздеген Баян Алагөзованың қол астындағы KeshYou тобы да ұлттық тағамды даярлауды жетік меңгермеген болып шықты.

«Мен толықтай жасай аламын деп айта алмаймын. Бірақ міндетті түрде анама көмектесемін. Мен кішкентай кезімнен әжемнің дайындаған наурыз көжесін, оған қосылатын қосындылардың барлығын білемін десем де болады. Жыл сайын әженің үйіне барып наурыз көже ішіп, дәмін тататынбыз. Сол дәстүрі әлі күнге дейін жалғасқан. Бізде де енді өзім жасап көрмеппін. Бірақ мама жасап жатқанда не қосылатынын қарап дегендей. «Наурыз көже» әр облыста әр түрлі дайындалады ғой. Біреуі жеті тағам, біреуі 21 тағам қосады деген сияқты. Сол себепті мамамыздан үйренеміз бұйырса», – дейді KeshYou тобының қыздары.

Әлі тұрмыс құрмаған бұрымдылар «Наурыз көжеге» қатысты көрген білгендерін барынша айтты. Ал, ақ босаға аттап, отбасылық өмірдің қыр-сырын жетік меңгерген ханымдар аталған астың құрамынан қаншалықты хабардар?

«Негізі Мейіржанның мамасы жасайды наурыз көжені. Мен қатті біле бермейін. (күледі) Мектеп кезінен білеміз ғой. Былай негізі оның бәрін енем жасайды. Енді үлкен кісілердің жасайтын ісі секілді», – дейді вайнер Дана Есеева.

Шоу-бизнестегі бикештердің басым бөлігі бұл тағамды әзірлеуде салғырттық танытса, Тамара Асар керісінше «Наурыз көже» даярлауда алдына жан салмайтын секілді.

«Наурызда міндетті түрде «наурыз көжені» жасайды ғой. Оны әрбір қазақ біледі деп ойлаймын. Бұл қыстан қалған сүр ет, қазы, құйрық май барлығы салынып, енді былай айтқанда «жиынтық» дейді ғой. Соғымның барлығын біріктіріп, тіпті жаңа сойылған қойдың да етін қосып жатады. Оған жеті түрлі тағам, дәнді дақыл салып, әдемілеп, қатық, айран, құртты езіп салады. Әркім өзінше наурыз көже жасайды. Оның қатып қалған қағидасы жоқ. Негізгі болу керек нәрсе – су, ет, тұз және әртүрлі дәнді дақылдар! Ақ құйылу керек міндетті түрде!», – дейді әнші Тамара Асар.