«Не деген ұзаққа созылған марапат?!»: Қыдырәлі Болманов Шәмшіге марапатты кеш берген Мәдениет министрін сынады

0
1 814

«Өлгеннен соң ғана марапаттау әдетке айналса, оңбаймыз!»


«Не деген ұзаққа созылған марапат?!»: Қыдырәлі Болманов Шәмшіге марапатты кеш берген Мәдениет министрін сынады

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов ән әлемінің падишасы Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек ері» атағының тым кеш берілгенін, пысықтардың бәрі көзі тірісінде, ал Б.Момышұлы, Шәмші сияқты нағыз тума таланттар өте кеш марапатталып жатқанын, Мәдениет министрінің осы уақытқа дейін қайда қарап отырғанын сынады.


Желідегілер болса «Мұхтар Шаханов ағамыздың дірілдеп жыламсырағаны қатты жаныма батты. Ол кісі күтпеді атақ береді деп», «Керемет, Президентке рахмет, ештен кеш болса да ескеріп марапат беріп жатыр. М.Шаханов ағамыз да марапатталып жатыр көзіне жас алып. Осы ағаларымыздың жалғасы сіздерсіздер, Алла сізге де жұғысты етсін, айналайын!», «Өлген соң марапаттын керегi не?!», «Құтты болсын, Шәмші аға! Рухы биік, керемет кісіге әйтеуір лайықты атақ берілді-ау!» деп қуана пікір қалдыруда.

Айта кету керек, Қыдырәлі Болманов бұған дейін Тәуелсіздік күнінде ешқандай марапат алмағанын меңзеп "Өз елімізде өгей балаға айналдық. Жаңбырша жауған медальдан халық ықыласы миллион есе артық" деп жазған болатын.