Әнші Нұрболат Абдуллин ауылға кеткісі келіп жүргенін мойындады

0
6 022

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин ауылды сағынатынын айтып, бала күнгі естеліктерімен инстаграм желісінде бөлісті. ​


Әнші Нұрболат Абдуллин ауылға кеткісі келіп жүргенін мойындады

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин ауылды сағынатынын айтып, бала күнгі естеліктерімен инстаграм желісінде бөлісті.

Нұрболат Абдуллин: "Ұлытаудағы шабыт. "Ұлытауға келдің бе, ұлар етін жедің бе?" деген ғой қазақ. Арқа төсінде жатқан "Ұлттың ұясы-Ұлытауға" ат басын бұрған кез бүгін болды. Тауына шығыптасын сүймесемде өнерді сүйетін халқын көрдім. Қазақтың қайсы бір жерін алсаңда тамсанып, таңғалудан жалықпайсың тегі. Көктем мерекесі мамыражай мамырды арқаның жұртымен қарсы алуды жазыпты. Мына Ұлытау жайлауында отырып құрт, ірімшігі неше түрлі геометриялық фигурамен жасалған, қаймағынан қызғалдақ иісі аңқитын, көл-көсір шалқитын, түтіні түзу ұшып аспан құшып ынтымақ бұлтын құраған, айранын ұйытып немересін сүйіп отырған Ақжаулығын, өрісі өнімді, көгілдір көлімді,балауса белімді, дəрумен ауылымды сағынып кеткенімді жасыра алмай жазып отырмын.
Анамның сүті тез піссін, шайының ыстық буы басылмасын деп табаныма талай тікен кіріп тезегін терген көгалым-ай. Көлікті тоқтатып Ұлытау жайлауына аунап, сүретке түсіп алғаным осы көрініс. Кейде қала тірлігінен шаршаған кезімде ауыл пейзажына кеткім келетіні жиі сезіліп жүр...
".

Мұны оқыған желі қолданушылары әншінің сөздік қорына таң қалысып, құрмет білдіретіндерін жарыса жазып жатыр. Сіз ауыл өмірін жиі есіңізге аласыз ба?

Бөлісу