​«Ол менің ішімдегі жазылмайтын жара»: Роза Рымбаева марқұм күйеуін еске алды

0
1 323

«Атасынан аумайтын немерем бар»


​«Ол менің ішімдегі жазылмайтын жара»: Роза Рымбаева марқұм күйеуін еске алды

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева «Алғашқы» бағдарламасында марқұм күйеуі Тасқын Оқаповты еске алып, ерекше естеліктермен бөлісті.


«Оқап атамыздың бес келіні болды. Мен соның екіншісі едім. Ауылға барғасын мен әнші емес, келінмін. Сиыр да саудық, аула да сыпырдық, бауырсақты да пісіре салатынмын. Тасқын барлық жағынан жоғары болды ғой. Мәдениеті, салмақтылығы басқалардан ерекше еді.


Тасқын кеткеннен кейін Мәди дүниеге келді. Екі баламен депрессияға түсіп кетуге қақым жоқ еді. Себебі екі бала үшін мен өмір сүруім керек. Сол себепті шерімді сахнада тарқаттым. Сахнада жыладым, бақытымды да айттым. Екі баламды да сахнада айтып, халықпен бөлістім. Қайғыға берілмеймін деп алдыма мақсат қойдым. Ол Тасқынды мәңгіге ұмытты деген сөз емес. Тасқын – менің ішімдегі жазылмайтын жара. Сондықтан балалардың алдында көз-жасымды көрсетпеуге тырысамын, мықты әйел боп көрінгім келеді.


Тасқын жайлы айту мен үшін өте қиын. Себебі жаңа ғана күліп, анекдот айтып отырған Рымбаеваның көзіне бірден жас толады. Осы жасымда Тасқынға «Тасқын, менде бәрі жақсы. Балалар аман-есен, жағдайлары жасалған. Екеуі де жігіт болды. Немерең өсіп жатыр, ол саған тартқан, Оқап атамызға да ұқсайды. Оқап атасының тегін алды, сондықтан сенің тегің жалғасып жатыр» деп айтар едім» деді Роза Рымбаева.