«Өмір сүруім міндет болды»: Ерке Есмахан күйеуіне өтініш білдірді

0
12 350

​«Маһрге тұлпар сұрадым, ақшасын берді»


«Өмір сүруім міндет болды»: Ерке Есмахан күйеуіне өтініш білдірді

Үш ай бұрын екінші баласын босанып, бүгінде декреттік демалыста отырған әнші Ерке Есмахан күйеуінің арқасында еркелеп жүргенін айтты.


«Үй жұмысы жасалып жатыр, бала бағылып жатыр, ақшаны күйеуім тауып жатыр. Бәрі дайын, сонда да менің өмір сүруім бір міндет әйтеуір. Бұрын азарт, талас, бәсеке. Біреуге де, өзіңе де бірдеңе дәлелдегің кеп жүретін кездер де жақсы екен ғой. Қатты «комфортқа» түсіп кеткен болмайды екен.


Жағдайымды жасап қойған күйеуіме рахмет, әрине. Шүкір! Бірақ, Райым, қымбатты күйеуім, алдағы уақытта тойға, туған күнге, мерекелік іс-шараларға бармаймын, ерініп тұрмын десем де, мобилографымды қасыма ертіп «бар, бар» деп үйден шығарып жіберші, өтініш. «Шопингтен» алған қырғын киімді киіп, суретке түсіп жүруім керек қой. Барлығыңыздың проблемаларыңыз менікіндей болсын. Өзім-ай, өзім» деп жазды әнші.


Еркенің бұл еркелігін кей оқырмандары жасандылыққа, мақтаншақтыққа балаған. Бірақ әнші онымен келіспейтінін айтты. «Менде бәрі шынайы өмір. Шындықты айтсам, сіздерге мақтанып отырғандай көрінемін» деп жауап берді.


Тыңдармандар одан маһрге не алғанына да қызығушылық білдірген. «Мен жолдасымның жылқылары болған соң, бір ақ тұлпар сұрағам. Ақшасын берді» деді Ерке Есмахан.