«Киелі өнерге адал болыңыздар!»
Белгілі актер, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды биылғы бабына сай бағы жанып қабылданған студенттерге ақ тілегін арнады.
Осылай деген Өнер академиясының ректорының бұл жазбасы желідегілердің біріне жақсы, енді бірінің қытығына тиген сыңайлы.
«Киелі өнерге жастар адал, тек жастардың көбісі Т.Жүргенов университетіне түсуді армандайды, көптеген бойында жанып тұрған таланты бар оқушылар тым жоғары суммада қаражат сұраған соң, бастарын салбыратып қайтты! Асқақ арманы бар оқушылардың бір мазалайтын ойы "неге шығармашылыққа грант аз?" "неге көбісі түсе алмай жатады?" "менде түсе алмай қалсам ше?" деген сұрақтар мазалайды! қасымдағы бірге актер боламыз, актриса боламыз деген достарымның бәрі, "шығармашылықта грант жоқ, Жүргеновқа түсу үшін үлкен қаражат керек" деген ұғыммен армандарынан бастартуда! Сіздерден бір өтінерім, келер жылы 2023 жылы шығармашылыққа грант көп бөлсеңіздер, әділетсіздікке жол бермесіңіздер екен деймін! Таланты бар балалар көп, тек соларға барынша мүмкіншіліктер жасалып, басты назарға алынса екен деймін», «Баламды оқуға апарған едім, бойы 1.79 деп қабылдамады, келер жылы бойға қарамайтын қандай мамандық бар Жүргеновте?» деп жазды оқырмандар.
Айта кету керек, биыл Өнер академиясының шығармашылық емтихандары төңірегінде қоғамдық резоннанс болды. "Ойына емес, бойына қарап алады екен" дегендей сын айтылған еді.