"ӨРТЕНДІ, бір рет ДАЛАДА ҚОНДЫҚ": Ұлықпан Жолдасов қандай көлікке мінуге қорқатынын айтып берді

0
4 567

Ұлықпан Жолдасов өзі мінген ұшақтың өртенгені туралы айтты


фото: ашақ дереккөзден

Әнші Ұлықпан Жолдасовтың ұшаққа мінуге жүрегі шайлығып қалған. Себебі, бір емес бірнеше рет әуе апатына тап болып, екінші мінбейтіндей болған. Дегенмен де, напәқасын Қазақстанның түкпір-түкпірінен табатын әнші амалдың жоғынан қайта мінуге тура келгенін жасырмады. Бұл туралы әнші Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

"Ұшаққа екі-үш жылдай отырмай жүрдім. Екі рет апатқа ұшырады. Бір рет самолет өртенді, бір рет далада қондық, моторы істемей... Құдайға шүкір, АН-24 деген самолетпен далада қондық. Ал, біреуінде өртендік. ТУ-54 болған ол кезде. Содан кейін ғой отырмай жүргенім. Амал жоқ, қайтадан қарын ашты, жұмыс жасау керек. Қайтадан ұшуға тура келді. Кішкене үйреніп кеттім", - деді Ұлықпан Жолдасов.

Әншінің әуе көлігіне ғана емес, қарапайым көліктен де дәл осы жайтқа кезіккен екен. "Ел аузында" бағдарламасының алдыңғы сандарында жол апатына ұшырау себебінен, көлікті тізгіндеуге қорыққанын айтқан болатын. Көлікке деген фобиясын бірнеше жыл өткеннен кейін су сепкендей басылмаса да, уақыт өте бәсеңдейді дейді әнші.

ERNUR.KZ