"Орыс кемпір кінәлі": Экстрасенстер қиылыстағы қос полицияның өлімін болжады

0
7 240

Орыс апа формадағы адамдарды мүлде жақтырмайды.


25 мамыр екі полицей ажал құшты. 2 сәуір сұмдық жол-көлік апаты. Барлығы Көксай ауылына қарасты ажал қиылысына айналған көшеде орын алған.

Ауылы тұрғындарының айтуынша, бұл жағдайлар кездейсоқ емес, тылсым күш пен тынымсыз әруақтардың ісі дейді. Көксайдағы құпия қандай? Тұрғындарды тыныштықтан айырған тылсым күштің қожайыны кім?

Белгілі экстрасенс Заман Сыпатаев пен өзін мыстан санайтын Ханша Сейтнұр Көксайдың құпиясын ашты. Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасында айтылды.


Көксай аулында ақылға қонымсыз оқиғалар орын алады, мұның бәрі кездейсоқ емес, кесапаттан дейді тұрғындар.

Көксай ауылында туып-өскен тұрғын өзінің сол жерден көп жылдар бұрын дүкен ашып, кейін түрлі жағдайларға байланысты олжерді жауып, өзге жаққа көшіп кеткенін айтады.

"Дүкенде жұмыс істейтіндер үнемі біреуді көретіндерін айтады. Ал өзім жұмыс істегенде кәдімгідей мүйізі бар, ұзын құйрығы бар құбыжықты дүкеннің арт жағынан өз көзіммен көрдім" - дейді тұрғын.

Кейін ол жерден көшіп, барлық мәселелерінен құтылғанын айтады.


Ал оқиға орнына шақырылған экстрасенстердің бірі, өзін мыстан санайтын Ханша, ол жерден әлденені сезгенін айтады.

«Бұл жерде қайғы көп. Бұл жер үшбұрыш сияқты. Ортасы, жердің асты ашық. Сол жерден жындар шығып алып кетеді. Мұнда тағы өлім болады. Мұның бәрінің кінәсі орыс кемпір тұратын үйден басталады. Ол бұл жердің барлығын қарғыстаған. Оған мұндағы ызғыған, у-шу жағдай ұнамаған. Оған тыныштық керек», - дейді мыстан Ханша.


Ал екінші көріпкел Заман Спатаев болса, аталмыш жердің энергетикасынан қорқу керек, мұнда көптеген өлім болған, мыңдаған адамның аруағы мазасыз дегенді айтады.

«Бұл жерде ежелгі энергия. Тура қиылыс тұрған жердің астында мазар болған секілді», - дейді Заман Спатаев.

Сондай-ақ мыстан Ханшаның айтуынша кешегі өлім құшқан екі полицейдің ажалдан аман қалуға мүмкіндіктері болған көрінеді.

«Кешегі қайтыс болған екі полиция қызметкердің өлімі кездейсоқ емес. Қайтыс болған орыс апа формадағы адамдарды мүлде жақтырмайды. Бірақ екі полицияның да ажалдан аман қалуына болатын еді. Тек қарғыс жібермеген», - дейді мыстан Ханша.

Экстрасенстер Заман Спатаев аномальді орындағы аруақтарды тыныштандыру үшін жыл сайын құрбан шалып отыру керек десе, мыстан Ханша жаман энергетиканы жою үшін қаратас орнатып, арнайы рәсім жасау керектігін айтады.