“Отбасылық дуэт” Қыдекең екеумізден басталған": Қарақат Әбілдинаны желі оқырмандары сынға алды

0
1 738

"Өздеріңе ала береді екенсіңдер, ұялмай" - деді оқырманы.


“Отбасылық дуэт” Қыдекең екеумізден басталған

Көпшіліктің сүйіктісіне айналған отбасылық жұп Қарақат пен Қыдырәлі сынның астында қалды, оған себеп Қарақат Әбілдинаның төмендегі жазбасы.

Қарақат Әбілдина: “Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер” дегенде көңілің көтеріліп сала беретін, әр қазақ жатқа білетін “Той жыры”әніне де жарты ғасыр болған екен. Ескірмейтін, ұмытылмайтын хит әндер болады ғой. Бұл соның дәл өзі. Кешегі - ғашықтар күні. Жылдағы дәстүр бойынша Алматы қаласы, Республика сарайында аталып өтті. Өмірі мен өнері егіз жұптар “Махаббат әлемінде” бас қостық. Кешті жүргізген бауырымыздың айтқаны рас, қазақ шоу бизнесінде, эстрада да, ең алғаш “отбасылық дуэт” Қыдекең екеумізден басталған. 2000 жылдары ғой, “Аяулым “ әнімен шыққан кезде халық ерекше ықыласпен қабылдады. “Аяулымдар” көбейді хит есімге айналды. Содан бері 23 жыл уақыт өткен екен, бүгінде қараңыздаршы бір концертке қатысу үшін 35 жұп ұсыныс білдірген , бұл біз білетініміз ғана. Ал , еліміздің түкпір-түкпірінде біз танымайтын жанұялық әнші жұптар қанша ма? Ең қызығы бұндай көрсеткіш басқа бір елде жоқ. Керемет емес пе ? Кешегі концертке қырғыз елінен бір жұп қатысты. Олар да, біздегі көп жұп әншілерді көріп аң-таң. Қырғызстанда көп болса 3-4 жұп бар шығар дейді. Бастаған игі бастама жастармен жалғасын тауып жатса неге қуанбасқа. Бір-біріне қаратып айтқан әсем әндеріндегідей өмірлері өнегемен өріліп ,түсінікте,татулықта әдемі өмір сүріп, махаббатты сақтай білсе басқа не керек? Солай емес пе? Елімізде жолы болған бақытты жұптар көп болсыншы! Әумин"

Мұны оқыған желі қолданушылары, "Бәрін өздеріңе ала береді екенсіңдер ұялмай. Ең алғашқы дуэт - Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер! Бүкіл халық біледі оларды. Сендерден бұрын бастаған өліп кетсеңдер де!", "Қанат & Айткүл Құдайбергеновтар", Қанат & Света Айтбаевтар", "Сендерден бұрын, Димаштың ата- анасы, Айткүл- Қанат дегендер бар емес пе?", "Кім айтты сіздер деп? Алғашқы жұптар көп еді" деген сияқты ойларын жасырмай, жарыса жазуда.

Десе де әнші оқырмандарын елеусіз қалдырмай,йналып кетейін оқырман біріншіден жаман сөйлемеңіз,екіншіден шоу бизнес деген бар, эстрада тарихындағы алғашқы дуэт дедім. Фольклор жанрда,халық әндерін қос дауыста домбырамен шырқаған аға апаларымыздың өнерін ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Пост дұрыстап оқып, түсініп пікір жазу керек шығар. Қалай ойлайсыз? Дәлел,дәйексіз ешқашан пікір жазабаймын.Мақтауға зәру емеспін. Дәрежемізді Алла көтерсін! Сондықтан өтініш, сөз таластырудың еш қажеті жоқ. Барлығы тарихтың еншісінде…" деп жауап қатқан.