"Отырған қыз орнын тапты": 57 жастағы ұстаз өзінен 10 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шықты (видео)

0
2 539

57-дегі қалыңдықтың көпшілік алдында бетін ашып, отқа май тамызды.


Журналист әрі тележүргізуші Гүлмира Әбіқай өз Instagram парақшасында 57 жастағы әйел мен 67 жастағы азаматтың шаңырақ құрған сәтінің видеосын бөлісіп, пікір жазған. Өз жазбасын "Мұғалімге махаббат кеш келеді" деп бастаған журналист бұл жаңалықты оқырмандарының бірі үш күн бұрын жолдағанын айтқан.

"Қандай жаңалық десеңізші, құдды үнді махаббаты. Отырған ұстаз орнын тапты. Қыздың аты қашан да қыз демекші, 67 жастағы күйеу бала барлық дәстүрдің сақталуын талап етті. 57-дегі қалыңдықтың көпшілік алдында бетін ашып, отқа май тамызып, шаңырақты оң аяқпен аттады.Құтты болсын, махаббат бойға қарамайды деп өткенде жазып ем, енді жасқа да қарамайтынын дәлелдеді. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, қартайғанда екеу болған қандай жақсы, - деп жазады журналист парақшасында.

Желі қолданушылары да шаңырақ көтергендерге бақыт тілеп, ізгі ниеттерін білдірген.

"Бағыңыз жансын! Ұзақ ғұмыр тілеймін", "Жұптарыңыз жазылмасын, бірге қартайыңыздар", Құтты болсын! Тым болмағанда жанында шүйіркелесіп отырып шай ішетін адамы болады", деп жазады көпшілік.