"Өз-өзiммен бiр секундқа да жалғыз қалдыра көрме": Айнұр Тұрсынбаеваның жазбасы оқырмандарды елжіретті

0
8 134


Бүгін халықтың сүйікті айтыскері, қазір мықты мотиватор-коуч Айнұр Тұрсынбаеваның туған күні. Оны туған күнімен достары, әріптестерімен бірге, оқырмандары да құттықтап жатыр.

Туған күнінде Айнұр Тұрсынбаева жүрек елжіретер жазба жариялап, Стамбулдағы туған күнінен бейне жазба жариялады.

Айнұр Тұрсынбаева: "Бүгін менің туған күнім...Басыма тура осындай тағдыр берген, неше түрлi достармен табыстырған, ойлаған армандарыма ойламаған жерден жеткiзген, тек көтере алатын сынақтармен қиындықтарды көрсеткен, көрген қиындықтарым үшiн еселеп қуаныштар көрсеткен Раббыма сансыз шүкiр еттiм... Менi өз-өзiммен бiр секундқа да жалғыз қалдыра көрме... Қиналған шақтарымда өзiң демеу бер Аллам... Жүрегiмдi шексiз қуанышқа бөлей гөр... Менi тағдырымның тармағында тек адал ниеттi, шынайы, жақсы адамдармен жолықтыршы... Арам ойлы, iшi тар, бас пайдасын ар ұятынан жоғары қоятын, менiң бақытты шақтарымды көре алмайтын нашарлардан маңайымды тазалай гөр... деп дұға тiледім... Өзiме тiлегендi Сiздерге де тiлеймiн...

Стамбулдық жақындарым 00:00-де құттықтап, қуантты...Алла разы болсын баршаңызға".


Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары, тілегінің көркем тілмен жазылғанына тәнті болып, ақ ниеттерін өздері де ақтарып жатыр.