«Ауыз өзімдікі деп оттай бере ме екен?!»
Отандық танымал психолог Анна Құдиярова «Абай бірнеше қызды бүлдірген, ал Қыз Жібек қыздай тимеген» деген пікірі үшін сынға ұшырады.
Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі - ажырасуға қатысты ойын ортаға салды.
Оның айтуынша, мұндай проблеманың шешімі — азаматтық неке.
Қазақта ұрын күйеу деген бар. Абайдың өзі біренеше қызды бүлдіріп, ұялмай талай қызды пәктігінен айырған. «Абай жолын» оқып таңқалғанмын. Абайдың жастық шағы туралы жазылған кітабын оқысаңыз ұрын күйеу туралы жазылған. Қыз Жібек те қыздай тимеген, - дейді психолог.
Оның айтуынша, үйленуді 30 жастан кейін бастаған дұрыс, себебі адам осы шақта психологиялық кәмелетке жетеді.
Белгілі психологты бұл пікірі үшін ақын Ақберен Елгезек психқа теңеп отыр.
Желідегілер «Мұны оқыған жастар не дейді десеңізші?!», «Жауапқа тарту керек мынаны», «Бетті бастым, тұра қаштым» деген сөз осы апама арналды ғой», «Мықты психолог деп сыйлаушы едім. Не деп кеттіңіз Анна ханым? Ұлы Абай мен Қыз Жібектің әруағы атып жүрмесін!», «Абай атамызға тиіскеніне қарағанда алжыған шығар» деген сияқты комментарийлерін жаудырды.