"Біз өз шешімдерімізді бөтен пікірсіз-ақ бекіте аламыз" - деді әнші.
Өнерде өз орындары бар Али Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың ұлды болғанын бүкіл БАҚ жарыса жазған еді. Кейін ұлдары Зейіннің тегі туралы көп сөз болды.
Жас әке бұл сұраққа желі арқылы жауап беріп, оның себептері барын жазды.
Али Оқапов: "Зейiн неге Оқапов? Неге Тасқын емес? Мәди неге Рымбаев? ...
Шынымды айтсам мен өз басым өмірімде үш рет фамилиямды өзгерткенмін. Себептер болды. Олармен бөлісу артық деп санаймын. Әр үйдің сыры бөлек дегендей, біздің де көпшіліктің алдында өз ақпараттық шекараларымыз бар. Ішкен жегенімізге дейін көрсетіп, жеке өміріміздің үтір нүктесіне дейн жария еткізіп, өмірімізден реалити шоу жасағымыз келмейді. Ондай деңгейдегі шоулар теледидарда толып тұр, көрермен жетеді. Ал біз өз шешімдерімізді бөтен пікірсіз ақ бекіте аламыз. Неге Оқапов? Неге Рымбаев? Солай шештік. Солай дұрыс деп санаймыз. Яғни себеп бар. Қалғаны маңызды емес. Түсінесіздер деп сенеміз. Ең бастысы бақыттымыз".
Әншінің бұл жазбасын оның тыңдармандары қолдап, жақсы тілектерін айтуда.
"Өте дұрыс. Отбасыдан реалити шоу жасап керек емес. Жеке өмірі жеке болып қалу керек. Артист должен нести культуру в массу. Высокое, прививать вкус к музыке. Очень похвально", "Осы баламыздың өте тілі жатық ,шешен, орысша да қазақша да сөйлейтініне риза боламын. Өз ұстанымына берік. Дұрыс. Отбасының, жеке басының шекарасы болу тиіс. Әрине өз құқығы болу керек. Ойың дұрыс. Осындай жастарды көрсем, қуанам. Кітап оқитындар сирек. Өсіп, биіктей бер айналайын" деп тілек айтып, олар да желі қолданушыларынан әншінің ұлының тегіне байланысты жазбауды сұрады.